«Ауыл Береке — 2015» Қарағанды облысының ауылшаруашылық көрме-жәрмеңкесі

2015 жылдың 10-11 қазан күндері Астана қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылық өнімдерінің «Ауыл Береке -2015» көрме-жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге облысымыздың барлық 9 аудандары қатысты: Абай, Қарқаралы, Бұқаржырау, Шет, Ақтоғай, Осакаров, Нұра, Жаңаарқа және Ұлытау аудандары.

Барлық аудандар көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырды, ал жәрмеңке аясында «Бауырсақ шоу» және «Қымыз шоу» фестивальдері өтті. Қарқаралы ауданы қонақ күйіз үйін тігіп, ресми қонақтарды қарсы алды. Көркемөнерпаздар ұжымдарымен бірге Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби ұжымдары «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» хореографиялық ансамблі екі сағаттық концерттік бағдарламаны ұсынды.

Iс-шаралар

Меню