Тәттімбет ауылдық Халық театрына шығармашылық мінездеме
«Өнер көзі – халықта» дейді дана халқымыз. Қаймағы бұзылмаған ауылдардың өнер тарихы ертеден басталған. Киелі өнердің қадірін білетін қариялар мен ауыл өнерпаздары келер ұрпақты рухани тәрбиелеп, бүгінде білімді, салиқалы әрі жан-жақты өнер жанашырларын тәрбиелеп келеді. Сондай ауылдардың бірі кезіндегі Арқалық совхозы (қазіргі Тәттімбет). Осы савхоздағы өнерпаздар ұжымы концерттік бағдарламамен қатар, ауыл сахнасына ертеден – ақ драма қоюға әуес болатын. Олар өздері режиссер, өздері суретші болды.
1979 жылы клуб меңгерушісі Қаршыға Бейсембаеваның ұйымдастыруымен О. Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» спектаклі көрші совхоздарға дейін қойылды. 1992 жылы Егіндібұлақ театрының сол кездегі режиссері Баянғали Қапжаппаровтың дайындауымен Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалім» спектаклімен «Халық театры» атағын алды. Рөлдерді ауыл азаматтары мен мектеп мұғалімдері ойнады. Содан іле-шала ауыл азаматы Р. Нысанбаев оқу бітіріп келіп, режиссер болып орналасты. «Көктөбедегі кездесу», «Қуырдақ дайын», «Күшік күйеу», «Махаббат машақаты», «Әпке», «Мәди» спектакльдерін қойды. 1995 жылы «Майданға» драмасы, 2000 жылы С. Асылбековтың «Бір түннің оқиғасы» атты 3 актілі спектаклі, 2002 жылы Р. Шотбаеваның «Құйынбайдың құдалары» 2 бөлімді комедиясымен «Халық театры» атағы қорғалды.
2004 жылы Р. Нысанбаевтың орнына келген Айнаш Имекееваның режиссерлігімен 2007 жылы театрымыз О. Бодықовтың «Үйленгім келмейді» комедиясымен қорғалды. Осы комедия қойылымы облыс деңгейіндегі «Үміт» сыйлығына да ие болды. 2011 жылы Тәттімбет халық театры «Туған жердің тұғырлы тұлғалары» атты әдеби-театрландырылған қойылымымен қорғалды.
2011 жылы театр режиссері болып Е. Көшербаев орналасып,
Б. Әлімжановтың «Қайран кемпір, шалдар-ай», 2013 жылы Ә. Әбішевтың «Қолға түскен шайтандар» қойылымдары сәтті шықты. Халық театры жанынан құрылған «Ойнап айтам» жайдарман тобы облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді.
2015 жылы театр репертуары Қ. Кемеңгерұлының «Ескі оқу» комедиясымен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайы дайындалған Қ. Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» тарихи драмасымен толықты. Театр актерлері А. Имекеева, Ж. Өмірбаев, А. Бейсембаевалардың сомдаған рөлдері халық көңілінен шығып, көрші Айрық, Қаратау ауылдарына қойылды.
2016 жылы театр режиссері А. Камалова, суретшісі Т. Жексеновтың қарқынды жұмысы Б. Әлімжановтың «Сектаның сорқұдығы» спектаклімен «Халық театры» атағын кезекті рет қорғады. Осы спектакльде театр әртісі А. Имекеева «Үздік ана рөлі» номинациясымен марапатталды.
2017 жылы «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Алаш партиясының мүшесі болған, хатшылық қызметті атқарған Қошке Кемеңгерұлының «Ескі оқу» қойылымын тағы бір мәрте сахналады.
Осы жылы Д. Исабековтың «Есепшот, күркетауық, домино» комедиясымен, Иген Хасенұлының «Ұтыс» шығармасын сахналады. Театр әртістері Б. Искакова мен Асқар Бокаевтың сомдаған рөлдері көрермендердің көңілінен шығып, зор ілтипатқа ие болды.
2018 жылы Қарқаралы қаласында өткен аудандық «Театр – өнер бесігі» атты театрлар фестивалінде Б. Әлімжановтың «Сектаның сорқұдығы» драмасын сахналап, жоғары деңгейдегі көрсеткен өнері үшін Қарқаралы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Осы жылы балаларға арналған Ескен Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» атты комедиясын, сондай-ақ Тәуелсіздік мерекесіне орай М. Шахановтың Желтоқсан оқиғасына арнаған «Тасада өскен гүл» атты драмасын қойды.
2019 жылы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты бастамасына сәйкес жоспарлы түрде өткен облыстық театрлар фестиваліне Тәттімбет ауылдық халық театры да белсене қатысты.Ақын, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына арналған көркемөнерпаздар театр ұжымдарының облыстық байқауында Тәттімбет ауылдық халық театры ұжымы Жолтай Әлмашұлының «Қаладағы пәтер» атты комедиясын сахналап, облыстық байқауда Тәттімбет ауылдық Халық театрының белсене қатысқаны үшін облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми – әдістемелік орталығының алғыс хатымен, сондай-ақ, театр әртісі Тарбақова Аяулым спектакльдегі Дина рөлін барынша байыппен бейнелеп, кейіпкердің болмыс-бітімін, мінез-құлқын шеберлікпен сомдағаны үшін «Үздік әйел адам ролі» аталымы бойынша арнайы дипломмен марапатталды.
2020 жылы театр репертуары «Абай жолы» романынан үзінді алып Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап «Абай мен Біржан» атты қойылым ұсынды. Сондай-ақ, Ж. Әбдішованың «Стратегиялық жиналыс » комедиясымен толықты.
Шалғай ауылдың талабы зор, ел іші өнерпаздарының шынайы өнері «Халық театры» деген құрметті атаққа лайық игілікті ісі жалғасын таба береді деген халық сенімі мол.
Жетекшісі – Көшербаев Есен Ақатұлы, 1992 жылы 17 наурызда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ селосында дүниеге келген. 2007 жылы №32 орта мектепте негізгі білімін аяқтап, 2007 – 2011 жылдары Қарағанды қаласындағы гуманитарлық колледжінің «саздық білім беру» бөлімін аяқтады. 2011 жылы еңбек жолын №32 орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі және Тәттімбет ауылдық Халық театры режиссері қызметімен бастады.
2011 – 2014 жылдары Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің «мәдени – тынығу жұмысын ұйымдастырушысы» бөлімін аяқтады. 2014 жылдың ақпанынан бастап Тәттімбет ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі қызметін атқарады.
Қызметтік жетістіктері, марапаттары:
2011 жылы Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен халықаралық Дельфийлік ойындардың қалалық іріктеу кезеңінде «Академиялық ән айту» жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен;
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткен ХІ аудандық «Жас сұңқар» патриоттық әндер байқауында ІІ дәрежелі дипломмен;
2013 жылы «Отан оттан да ыстық» атты әскери-патриоттық жастар форумына қатысқаны үшін «Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің Республикалық дамыту орталығының сертификатымен;
2014 жылы облыстық «Жас қанат-2014» байқауында алғыс хатпен;
2014 жылы білім беру саласының өркендеуі жолында сапалы білім, саналы тәрбие беруге қосқан үлесі үшін, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамасымен;
2014 жылы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылында өткен «Ақсораң жұлдыздары» атты облыстық ән байқауында ІІІ дәрежелі диплом және «Лауреат» атағымен;
2014 жылы Қарағанды облысының балалар мен қоғамдық ұйымдарының бірлестіктерінің бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді үлес қосып, азаматтық тәрбие берудегі үздік технологияларын қолдана білгені үшін Қарағанды қаласының Балалар мен Жеткіншектер Сарайының алғыс хатымен;
2014 жылы «Азамат» Қарқаралы ауданының жастары мен балалардың қоғамдық ұйымдары одағы қоғамдық бірлестігінің сертификатымен;
2015 жылы А. Құнанбаевтың туғанына-170 жыл толуына орай аудандық «Жастар жырлайды» поэзия кешіне қатысқаны үшін Қарқаралы ауданы жастармен жұмыс жасау орталығының сертификатымен;
2015 жылы аудандық «Жас қанат-2015» байқауында «Соғыс жылдарындағы әндердің үздік орындаушысы» номинациясымен;
2015 жылы Қарқаралы аудандық білім бөлімі ұйымдастырған аудандық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әнді ұғады» номинациясында жүлделі орыннан көрінгені үшін мадақтамасымен;
2015 жылы Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ұйымдастырған жастар арасындағы аудандық «Жастар жырлайды» поэзия кешінде
18-29 жас аралығында жүлделі ІІІ орынмен;
2016 жылы Қарқаралы ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі басшысының алғыс хатымен;
2016 жылы Ақын К. Сауғабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақтық «Жастар жырлайды» поэзия кешін өткізуге атсалысқаны үшін Қарқаралы ауданы жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен;
2016 жылы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы оқыту курсын аяқтағаны үшін «Өрлеу» Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сертификатымен;
2016 жылы Қарқаралы ауданы әкімінің «Құрмет» грамотасымен;
2017 жылы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен;
2017 жылы Қарқаралы аудандық мәслихатының алғыс хатымен;
2018 жылы Қарқаралы ауданы Жастар маслихатының депутаты;
2018 жылы Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хатымен;
2019 жылы аудандық «Нұротан» партиясы филиалының алғыс хатымен марапатталған.