Сейіл Аяғанға арналған Мемориалды тақтаның ашылу рәсімі жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың қазан айының 19-шы жұлдызында әйгілі әнші, қазақтың ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Сейіл Аяғанға арналған Мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Өнердегі де, өмірдегі бауыры Қайрат Асқар ағасына «Сейіл жүрек»  өлеңін арнады.

Мемориалды тақтаны ашу рәсімі  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қоңырбайұлы Асановқа, әнші, журналист Ерлан Төлеутайға және туған бауыры әнші, сазгер  Шыңғыс  Мұқаевқа тапсырылады.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова сөз сөйлеп Сейіл Аяғанды еске алды.

Сейіл ағамыздың жұбайы Қымбат Каригулқызы Тусупбекова жиналғандарға өз алғысын білдірді.

Іс-шараның қатысушылары Сейіл Аяғанның құрметіне арналған мемориалды тақтаның алдына гүл шоқтарын қойды.

 

Iс-шаралар

Меню