Сәтбаев қаласындағы «Ш. Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы»

Сәтбаев қаласы әкімінің қаулысымен Сәтбаев қаласы «Мәдени сауық орталығы» құрылды.

Қазақмыс корпорациясы ЖШС – нің Ш.Ділдебаев  атындағы Кеншілер сарайы» Сәтбаев қаласы әкімінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/19 қаулысымен жедел басқару құқығындағы «Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығы» мүліктік кешені берілді.

Сәтбаев қаласы әкімінің 09.09.2019 жылғы № 51/04 қаулысымен Сәтбаев қаласы «Мәдени сауық орталығы» « Ш. Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» болып өзгертілді.

Мекемеге қарасты екі ауылдық клуб бар: «Қайрат» және  «Сұңқар». Аймақтық ұлттық өнер орталығы «Импульс» үлгілі би ансамблі, «Самоцветы» халықтық ардагерлер хоры, «Алға бас» жастар театры, «Сазды әуен» шығармашылық бірлестігі, «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі, «Купрум» үрмелі аспаптар оркестрі, «Сатпаевские зори» ардагерлер клубы, «КТА» клубы сонымен қоса балалар мен жасөспірімдерге арналған вокал, хореография, күй, ақындар, тоқыма-ою, ұлттық аспап жасау, ағаш шебері, шахмат-шашки, тоғызқұмалақ ойындары бойынша үйірмелер бар. Жалпы алғанда барлығының құрайтын саны-22.  Ондағы қатысушылардың жалпы саны -758.

2017 жылдан бастап жыл сайын Кеншілер сарайында Ш.Ділдебаева атындағы Республикалық жас ақындар айтысы өтіп жатыр, оған Қазақстанның барлық облыстарынан жас ақындар қатысады. Қазылар алқасының төрағасы-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар тапсырылады.

 

 

 


2014 жылдан бастап 2 жылда бір рет Ерден Сандыбайұлы атындағы қобызшылар республикалық байқауы өтуде.

Қазылар алқасының төрағасы-ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Алматы Өнер академиясының оқытушысы Ермұрат Үсенов.

 

 

 

 


2017 жылдан бастап, 2 жылда бір рет Т.Қалмағанбетовтың әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өткізіледі. 2019 жылы байқау жеңімпазы бас жүлде иегері Мұсылманбек Жаннұрға 500000 теңге ақшалай сертификат табыс етілді.

 

 

 

 

 


2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Өтжан би атындағы «Би – шешендер елдіктің алтын діңгегі» атты облыстық көркем сөз оқу байқауы өткізілді. Байқау жеңімпазы Қаламыздың үмітін арқалаған Құрақбай Амангелді бас жүлдеге ие болды.

 

 

 

 

 


2003 жылдан бастап жыл сайын » Саған арнаймын әсем қалам!», атты фестифаль өтеді. «Күміс қоңырау», «Әнші балапан», «Бала тілі бал» конкурстары, ретро-ән орындаушылар, отбасылық ансамбльдердің өнер көрсетуі, шығармашылық кештер, қол өнер көрмелері өтеді.

 

 

 

 

 


2005 жылдан бастап жыл сайынғы «Күз аруы» байқауы өткізіледі, қатысушылардың жасы 16-дан 18 жасқа дейін. Қыздар шығармашылық кезеңде, әлеуметтік маңызды жобаларға қатысу арқылы «күзгі» қолөнер жасау шеберлігінде өзара бәсекелеседі.

 

 

 

 

 


2013 жылдан бастап жыл сайын «Көңілді тапқырлар алаңы» – «Жайдарман» ойындары өткізіледі, оған үш жас тобы бойынша жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, аула клубтарының, шығармашылық бірлестіктердің КВН командалары қатысады.

 

 

 

 

 


С 2013 года ежегодно проводится городской конкурс военно-патриотической песни «Жеңіс әндерін шырқайық!», в котором принимают участие дети и подростки  в возрасте от 10 до 15 лет.

 

 

 

 

 

 


2013 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, аула клубтарының, шығармашылық бірлестіктердің би ұжымдары қатысатын Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған жыл сайынғы «Би сиқыры» қалалық би фестивалі. Фестиваль бағдарламасында – халықтық, заманауи, спорттық-бал билерін орындаушылар. Конкурсқа қатысатын хореографиялық ұжымдардың саны 20-дан 25-ке дейін топты құрайды.

 

 

 

 


2016 жылдан бастап Кеншілер сарайында «Достар дауысы» атты қалалық вокалистер мен шоу-бағдарламалар жүргізуші байқауы өтіп жатыр, оған 18-29 жас аралығындағы жастар қатысады. Қатысушылар арасында: «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының, жастар ресурстық орталығының өкілдері, колледж оқушылары, жеке кәсіпкерлер, көркемөнерпаздар қатысады. Фестивалге 5 жылда  100-ден астам өнерпаз қатысты.

 

 

 


2017 жылдан бастап жыл сайын қалалық «Бірлігі бекем-мәңгілік ел» мүшәйра байқауы өтеді. Байқауға 10-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысады.

 

 

 

 

 


2019 жылдан бастап «Қазақтың келіндері-ай» онлайн фестиваль-байқауы ұйымдастырылды, оған 9 адам қатысты. Қатысушылар өздерін қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау, ұлттық салт-дәстүрлерді білу, қолөнер, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

 

 

 

 

 


2020 жылы – «Ең үздік инста отбасы» онлайн байқауы. Байқауға өздерінің креативті бейнероликтерін ұсынған 9 отбасы қатысты. Жеңімпаз болып Әубәкір отбасы танылды. (бейнематериал @ckt_satpaev instagram парақшада жариланған).

Iс-шаралар

Меню