«Руханият» этнофестиваліне дайындық бойынша облыстық семинар-практикум жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың сәуір айының 17-сі күні Кеншілер мәдениет сарайының кәде залында Түркі халықтарының этникалық тарихы мен мәдени мұрасы бойынша білімді дәріптеу мақсатында «Ортеке» шеберлері мен орындаушыларының қатысуымен «Руханият» облыстық этнофестиваліне дайындық бойынша облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумды Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев ашып берді.

«Ортеке» музыкалық және сәндік-қолданбалы өнердің тарихы мен дәстүрінің заманауи зерттеулері» тақырыбы бойынша Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кіші қызметкері Ақниет Зейнепкарова дәріс оқыды.

  • «Ортекенің түрлері, ағаш бұйымдарын жасау және халық музыкалық аспаптарында ойнау» тақырыбы бойынша халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақ музыкалық халық аспаптарын жасау шебері Азамат Бақия;
  • «Сюжеттік би – қазақ халқының әлеуметтік жағдайын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ойындарын, тұрмыс-тіршілігін бейнелеуінің айнасы», сахналық көріністер – тақырыбы бойынша ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның хореографиялық өнер қайраткерлері қоғамының төрағасы, Астана қаласындағы «Наз» мемлекеттік театрының жетекшісі Еркебұлан Ағымбаев шеберлік сыныптарын көрсетті.

Семинар-практикумға Қарағанды облысының көркемдік жетекшілері, хореографтері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, қалалық және аудандық мәдени-сауық орталықтарының фольклорлық ансамбльдерінің жетекшілері қатысты.

Барлық қатысушыларға Ортеке ағаш бұйымдарын жасау бойынша сабақтар және Қазақ биі бойынша әдістемелік материалдар жазылған DVD дискілер,  шеберлік сыныбынан өткені үшін сертификаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню