«Ерлерім еңбек еткен жер» атты Республикалық ақындар айтысы өтті

2014 жылдың қыркүйек айының 27 күні Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Қарағанды облысы әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен аталмыш партияның 15 жылдық мерейтойына арналған «Ерлерім еңбек еткен жер» атты Республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарымен Астана қаласынан 10 ақын қатысты. Ақындарға Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Алдан Смайыл (төраға), Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері, сатирик-жазушы Көпен Әмірбек, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Асыл арна» телеарнасының Бас директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткер Қойлыбай Асанов төреклік етіп, қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Жандарбек Бұлғақовқа (Астана қаласы), бірінші орын Сара Тоқтамысоваға (Алматы қаласы), екінші орын Жақсылық Орынбасаровқа (Астана қаласы), үшінші орын Әсет Дүйсебаев (Жамбыл облысы) пен Айтбай Жұмағұловқа (Қарағанды қаласы) табысталды.

Ал, Тілеген Әділов (Қарағанды қаласы), Мұрадым Мейірланов (Батыс Қазақстан облысы), Дидар Қамиев (Қарағанды қаласы), Ержеңіс Әбдиев (Қызылорда облысы), Оразбек Қиынбаев (Ақтөбе облысы) сынды өзге ақындарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Iс-шаралар

Меню