5 тамыз С.Сейфуллин атындағы академиялық драма театрында откен Республикалық «Ортеке» этнофестивалі қарағандының аспанын домбыраның үнімен әуелетіп, барша қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық мұрамызды дәріптеп, еліміздің бірлігі мен ынтымағын сезіндірді.
Республикалық фестиваль Қазақ халқының ерекше шығармашылығын, қолөнерін, «Ортеке» орындаушылық шеберлігін жаңғырту, сақтау және одан әрі дамыту, Қазақстанның мәдени мұрасын өскелең ұрпақ арасында танымал ету, сондай-ақ дарынды қатысушыларды анықтау және қолдау мақсатында өткізіледі.
Фестивальдің ұйымдастырушылары:
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.
Фестивальге Қытай, Моңғолия, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан 19 күйші қатысты.
Бір күнде бірнеше іс-шараны қамтыған фестиваль Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде ұйымдастырылған «Материалдық емес мәдени мұра» атты республикалық семинардан басталды. Семинарды облыс әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлы ашып берді. Семинардың спикерлері ҚР Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасының орынбасары Рустам Рахимұлы Музафаров, П.Ғ.К социоонтрополог Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерватория сының Арт-менеджмент кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссияның сарапшысы, Тәңір зерттеу халықаралық қоры басқармасының мүшесі Евфрат Бағдатұлы Имамбек облысымыздағы қолөнерші, күйші, өнертанушы, мәдениет қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізіп, тәжірибемен бөлісті.
Кеншілер мәдениет сарайында баспасөз-конференциясында ұйымдастырылған. Ол жерде де маңызды оқиғалар орын алды. «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы ҚР Мәдениет саласының үздігі Асқар Кенжеғалиев Мұхамбетқалиұлы Қарағанды облысында Күйшілер одағының филиалын салтанатты түрде ашылды. Күйші, ұлттық өнер жанашыры Болат Такишев төрағасы етіп тағайындады. Сонымен қатар, Қалкен Қасымов ақсақал «Халық күйшісі» атанып, кеудесіне абыройын асқақтатар төсбелгі тағылды. «Ортеке» этнофестиваліне қатысушылар, қазылар алқасы журналистерге сұхбат беріп, пікір алмасты.
Фестиваль С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ театрында жалғасын тапты. Елімізге қонақ болып келген қонақтарымыз бен қатысушыларды, қазылар алқасын қызыл кілеммен қарсы алып, құрмет көрсеттік. Шашу шашылып, арнау айтылды. Облысымыздың аудандарынан келген өнер ұжымдары сәндік қолданбалы өнер көрмесін көрсетті. Осылайша ұлттық болмысты наурызда ғана емес, шілденің шіліңгір ыстығында да насихаттауға болатынын көрсете білдік.
Көрмеге Астана қаласының «Марс» роботатехника білім беру орталығының мамандары келіп «Ортекені» заманауи технологиямен, яғни робот қылып жасап әкеліп көрсетті. Домбыраны ойнаған кезде дыбысты қабылдау арқылы іске қосылатын Ортекеге барша көрермен зор қызығушылық танытты.
Фестивальдің салтанатты ашылуы театрдың үлкен залында өтті.
Фестивальді «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің қатысушылары «Рухты ел» күйі мен «Art line»модельдік агенттігінің қыздары Алматылық дизайнер Kyrmyzy collection – Қазақтың ұлттық киімдер топтамасын көрсеткен.
Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Үсенұлы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бас хатшысы, Лондон университеттік колледжінің саясаттану ғылымдарының магисті Жанар Есентайқызы Шайменова қатысушыларға сәттілік тілеп сөз сөйледі.
Ел ағасы Ерлан Төлеутай ағамыз Алматыдан арнайы келіп «Сарыарқа» әнін орындады.
Фестивальге Қытай, Моңғолия, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан 19 қатысушы қатысты.
Кіл мықтылар жиналған доданың қазылар алқасы болып Азамат Бейсенәліұлы Бақия
Музыкант, аспап жасаушы шебері, мультиаспапшы (Астана қаласы),
Еділ Сейілханұлы Құсайын
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, музыкант, композитор (Астана қаласы),
Жалғасбек Ілес
Күйші, мультиаспапшы, «Xazar» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі (Алматы қаласы),
Тоғжан Жахин
Күйші, композитор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің жетекшісі (Астана қаласы),
Садуақасов Байғара Хамзеұлы ҚР Мәдениет қайраткері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің
жетекшісі (Қарағанды қаласы) төрелік етті.
фестивальдің жеңімпаздары анықталған болатын.
Бас жүлдені Қытай Халық Республикасынан келген Бағдар Жарқын,
1 орын – Қарағанды облысынан Ерлан Саду,
2 орын – Ақмола облысынан Айжан Құрақ,
3 орын – Жетісу облысынан келген Жанибек Мақатан иеленді.
Барлық дипломанттарға кәде сый мен қаржылай сыйлық берілді. Құрметті қонақтардың қатарынан көрінген Жетісу облысынан келген ұлттық жеті аспапта ойнайтын өнерлі 12 жастағы бүлдіршін Аманкелді Ясмина Ернарқызына да ел атынан тарту жасады.