ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Бірлігі жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік бейне концерті ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламаға Қарағанды облысының кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты:
- Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі;
- «Аққу»фольклорлық хореографиялық ансамблі;
- «Әуен»ансамблі;
- Жаңаарқа ауданы МҮ орындаушылары Теміржан Ұлмағанбетов, Жалын Сыздықов, Бейімбет Сарымсақов;
- Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары»халықтық ән-би ансамблі;
- Абай ауданы славян этномәдени орталығының «Русалица»вокалдық тобы;
- Қарағанды корей этномәдени орталығының «Самульнари» ансамблі;
- «Волшебная страна»үлгілі хореографиялық ансамблі;
- Бұқар Жырау ауданының шығармашылық ұжымы;
- Осакаров ауданы МҮ әншісі Анаргүл Наурызхан;
- Нұра ауданы МҮ әншісі, композитор Амангелді Шахарбаев;
- Теміртау қаласының «Вдохновение»вокалдық-хореографиялық ансамблі;
- Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кенті МҮ директоры Мейірлан Қалиев.
Әрбір концерттік нөмір облыс өңірлерінің көше алаңдарында түсірілді, сондай-ақ өткен жылдардың мұрағаттық бейне материалдарынан алынды.
Концерт:
@onmcdint — инстаграмында;
@onmcdint — фейсбук парақшасында;
Центр народного творчества г. Караганда — youtube арнасында;
onmcdint.kz — сайтында көрсетілді.