«Қош келдің, әз Наурыз!»

22 наурыз күні Орталық демалыс және мәдениет саябағында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өту мерекесі өтті.

Осынау салтанатты күнде қала тұрғындарын және  қонақтарын Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов құттықтады.

Салтанатты құттықтаудан кейін мереке С.Сейфуллин атындағы қазақ дарама театрының әртістері, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының әртістері, Академиялық музыкалық комедия театрының балет әртістері, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Аққу» фольклорлық хореографиялық ансамблі, «Арқа сазы» қазақ ұлттық аспаптар және вокалды  ансамблдерінің, сонымен қатар  «Волшебная страна», «Қуаныш», «Аяла», «Жарқын», «Нұрби» хореографиялық ансамблдерінің және қала мектептерінің қатысуымен «Қош келдің, әз Наурыз» атты театрландырылған мюзиклмен басталды.

Мерекенің бастауы ретінде сахнаға Дәуір ата шығып, Жердің жаратылысы көрсетілді. Төрт алып Ауа, Су, Жел, От иелері кезекпен пайда болып, музыка әуенімен алаңға төрт алыптың бөлшектері ретінде  түрлі-түсті костюм киіп шыққан хореографиялық ансамбльдер жүгіріп шықты. Төрт алыптың барлығы бірігіп, жер сілкінісінен кейін Ұмай пайда болды.  Ұмай құстарды, жәндіктерді, жануарларды жаратып, ай мен күннің теңелуін Ай батыр мен Күншуақтың образдары арқылы көрсетті. Махаббаттың белгісі ретінде дүниеге бала келді. Есімін Наурыз бөбек деп қойып, Қыдыр ата батасын берді.

Мереке әрі қарай Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік вокалды ансамбльдерінің, Қарағанды қаласы мен кеншілер мәдениет Сарайының көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттерімен ұласты.

Iс-шаралар

Меню