Қазақ халқының кемеңгер биі Қазыбек Келдібекұлының 350 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы

2017 жылдың тамыз айының 20-шы жұлдызында, сағат 11.00-де Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Қазақ елінің бірлігі мен тұтастығын сақтау жолында ерекше еңбек сіңірген даланың дана кемеңгері Қаздауысты Қазыбек бидің 350-жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтыстың мақсаты: қазақтың салт-дәстүрлерінің, әдебиеті мен мәдениетінің, ұлттық өнерінің өрістеуіне, ел арасында кең қанат жаюына кең жол ашу; ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу; Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, ақындар айтысын ұйымдастыру арқылы ұлттық және рухани тәрбиені, құндылықтарды қалыптастыру; Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын атап өту арқылы тарихи тұлғаның қасиетін ұрпақ санасына сіңіру; Жастардың мәдени, рухани дамуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, төл өнеріміздің өркендеуіне жағдай жасау, жеңімпаздарға бағыт-бағдар көрсетіп, қолдау көрсету.

Айтысқа Шетелден келген ақындар Ұларбек Минатхан (Қытай Халық Республикасы), Серік Қуанған (Моңғолия мемлекеті), Баян Акматов (Қырғызстан Республикасы) және Республикамызға танымал, әйгілі ақындары Аманжол Әлтаев, Дидар Қамиев, Айтбай Жұмағұлов, Мақсат Аханов (Қарағанды қ.), Серікзат Дүйсенғазы (Астана қ.), Сара Тоқтамысова (Семей қ.), Айбек Қалиев (Қостанай қ.), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қ.), Жансая Мусина (Орал қ.), Мұхтар Ниязов (Қызылорда қ.), Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда қ.), Ержан Әміров, Рустем Кайыртай (Алматы қ.) қатысты.
Ақындарымыздың өнеріне баға беріп, қара қылды қақ жаратын қазылар алқасының құрамында Асанәлі Әшімов – «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі, «Қазақфильм» киностудиясының және М.Ауезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер, қазылар алқасының төрағасы (Алматы қаласы); Жұмабай Шаштайұлы – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, (Алматы қаласы), Нұртөре Жүсіп – ҚР Журналистер академиясының академигі, «Айқын» газетінің бас редакторы (Алматы қаласы), Несіпбек Айтұлы – Ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыстанышу (Астана қаласы), Зарқын Тайшыбай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор (Петропавл қаласы), Ғалым Жайлыбай – Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының бірінші орынбасары (Алматы қаласы), Серік Ақсұнқар – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы», Алмас Алматов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық музыка академиясының профессоры (Астана қаласы), Қойлыбай Асан – Ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, айтыстанышу (Қарағанды қаласы) болды.

Айтыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңге 16 ақын 8 жұпқа топтасып,
екінші кезеңге (финалға) 4 жұп ақын шықты: Дидар Қамиев – Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев – Ержан Әміров. Жансая Мусина – Айбек Қалиев, Аманжол Әлтаев – Ұларбек Минатхан.

Айтыстың қортындысы бойынша:

  • Әйтеке би атындағы арнайы сыйлықпен – Ержан Әміров (Алматы қ.);
    Төле би атындағы арнайы сыйлықпен – Айбек Қалиев (Қостанай қ.);
    Әлихан Бөкейханов атындағы арнайы сыйлықпен – Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қ.);
  • Жүлделі ІІІ орынмен – Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда қ.) және Жансая Мусина (Орал қ.);
  • ІІ орынға ие болған – Дидар Қамиев (Қарағанды қ.);
  • І орынға ие болған – Ұларбек Минатхан (Қытай Халық Республикасы);
  • Бас жүлде иегері – Аманжол Әлтай (Қарағанды қ.) атанды.

 

Iс-шаралар

Меню