Қарқаралы ауданының мәдени-сауық орталығы


Мәдени-сауық орталығының жетекшісі – Омарбеков Мақсат Мақсымұлы

 

 

 

 

 

 

 

Қарқаралы ауданында 3 – МСО Қарқаралы қ. Егіндібұлақ, Қарағайлы  және 28 – ауылдық клуб табысты жұмыс істейді

  • «Қарқаралы мәдени – сауық орталығы»
  • Алаңы:  1832,7 кв.м.
  • Құрылу тарихы: 1972 жылы құрылған
  • Құрамалар саны: 26
  • Көркемөнерпаздар саны:4
  • Қатысушылар саны:262

Халық шығармшылығын дамыту және жаңа таланттарды табу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аудандық байқаулар мен фестивальдер:

Аудандық  «Жас қанат» байқауы эстрадалық әндерді қазіргі өндеуде орындайтын талантты орындаушыларды, әуесқой сазгерлер мен өндеушілерді, сауық сайран бағдарламаларын жүргізушілерді аңықтау және оларды насихаттау мақсатында өтеді. Қатысушылардың жас ерекшіліктері 18 – 30 жас. Барлық қатысушылар соңында  марапатталады.

 

 

Аудандық «Рухты ару» байқауы ұлтымыздың салт – дәстүрлерін, әдет –ғұрыптарын кыз балаларымыздың бойына сіңдіру. Байқау алты бөлімнен тұрады: « Мен қазақтын қызымын»,  «Бәйге» сұрақ жауап, «Халқын сүйген – салтын сүйеді», «Қонақ күту білесін бе», «Өнерлі өрге жүрер», «Қыздарға әсемдік жарасады».Барлық қатысушылар номинация бойынша марапатталады, жеңімпаз «Қазақ аруы» атына ие болады.

 

 

Аудандық «Қарқаралы STARS» байқауы өткізіледі.  Байқау жастардың мәдени бағыттарын дамытуға және олардың шығармашылық шеберін арттыру мақсатында өткізіледі. Бұл шара әр жұма сайын екі ай бойы өтеді. Қатысушы жұп әр қайсысы арнайы дипломмен және акшалай сыйлыққа ие болады.

 

 

Аудандық балалар мен бүлдіршіндерге арналған «Жұлдызды сәт» байқау – фестивалі өткізіледі.Балалардың өнерге деген сүйспеншілігін арттыру, рухани байлығымызды дәріптеу, өнерлерінің өркендеуіне ықпал жасау мақсатында өткізіледі.Бұл сайыс ән, би  және көркем сөз жанрлар бойынша өтеді. Жас ерекшеліктері  8 -10, 10 – 13, 13 – 15 болу тиіс.Қатысулардың барлығы арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

«Менің бақытты отбасым» атты аудандық  фестиваль өткізіледі. Фестиваль отбасының маңыздығын арттыру,  шығармашылық сезімге тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.  Бұл фестивальде әр отбасылы ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салады. Қатысушылардың барлығы естелік сыйлыққа ие болады.

Iс-шаралар

Меню