Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығы

Азамат Мұратұлы Қадірсізов – Қаражал қаласының Мәдени -сауық орталығының жетекші қызметінің міндетін атқарушысы

Қаражал қаласы бойынша 1- мәдени – сауық орталығы қызмет жасайды. Мәдени сауық орталығында әр түрлі өнер саласын қамтыған 172 мүшесі бар, 10 үйірме толыққанды жұмыс істеуде.

  1. «Шапағат» –  би-хореографиялық үйірмесінің 3 тобы ( кіші, орта, ересек)
  2. «Айвива» – би-хореографиялық үйірмесінің 2 (орта және ересек) тобы
  3.  «Творим сами» – қолөнер үйірмесі -1
  4.    Хор үйірмесі – 2 (орта)
  5.   1- вокал үйірмесі
  6.  «Каражалочка» –  хор үйірмесі -1

Мәдени –сауық орталығының ұйымдастыруымен қалада жыл сайын дәстүр бойынша «Қызғалдақ-көктем» , «Екі жұлдыз»,  «Ханзада мен Ханшайым» байқаулары өтеді.

«Қызғалдақ көктем» фестивалі Фестиваль 7 кезең бойынша құрылған қаладағы барлық  мекеме, кәсіпорын ұжымдары қатыстырылып , жеребе бойынша реттік сандарын таңдаған соң, әр кезең тақырыбы бойынша  театрландырылған көрініс бойынша өз өнерлерін көрсетеді. Балалар мен мектеп оқушылары бұл байқауға қатыса алмайды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға  (Гран – при I,II,III.)дипломдары мен естелік сыйлықтар және ерекше деп танылған, әр түрлі номинация бойынша көзге түсіп, көрермен көзайымы болған қатысушыларға да естелік сыйлықтар мен ақшалай сыйлық  табыс етілді.

Мекемелер арасында «Екі-жұлдыз»  шоу- бағдарламасы өз мәнінде дәстүрлі жалғасын тапты. Байқауға қатысушылар 18 жас және одан жоғары жастағылар.

«Екі-жұлдыз» шоу бағдарламасы 4 кезеңнен тұрды.

Әр кезең белгілі бір тақырыпқа сай өтті.

1 кезең – 22 -ақпан 2020ж. Әр түрлі ұлт өкілдерінің тілінде фольклорлық ән орындау.

2 -кезең– 28 ақпан 2016-2020жж аралығындағы  хит әндер

3 -кезең – 7 –ақпан  2020ж. Кинофильм әндерін орындау

4 -кезең – 14 – наурыз 2020 ж.  Ретро әндер байқауы

Қатысушылар мен жеңімпаздарға  ( I,II,III.)дипломдары мен естелік сыйлықтар және ерекше деп танылған, әр түрлі номинация бойынша көзге түсіп ,көрермен көзайымы болған қатысушыларға да естелік сыйлықтар мен ,ақшалай сыйлық  табыс етілді.

«Ханзада мен Ханшайым» байқауы 5-10 жас аралығындағы балалар арасында ұйымдастырылды. Әр түрлі өнерлерін алға тартқан (ән, би, бейнелеу, қолөнер) таланты балалар осы байқауға қатысты. Байқауда қаламыздың  көптеген талантты балалары өз өнерлерін көрсетіп, бағалы сыйлықтар мен дипломдармен мараптталды.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Ару ғұмыр» байқауы өз кезегін алады. Байқау Қаражал-Жайрем аймағындағы әр салада қызмет жасап, еңбек етіп жүрген әйел –азаматтардың еңбек, өмір жолындағы жетістіктері, қоғамға сіңіріп жүрген игі істері ескеріліп, ел алдында мәртебесін көтеріп, қанаттандыру мақсатында өткізілді. Бұл байқауға Қаражал-Жайрем аймағында тұратын 18 жастан жоғары жастағы әйел –азаматтар қатыса алады.

Қаламыздың мәдениетін дамытудағы ерекше атап өтетін жайт – жыл сайын  Республикалық ақындар айтысын өткізу дәстүрге айналды. Айтыстың дәл біздің қаламызда өтуіне мұрындық болған қоғам қайраткері , айтыскер ақын, Төлеген Жаманов  Қаражал қаласының әкімі Досаев Тілектес Темірбекұлының қолдауымен, Қаражал қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен. Айтысқа белгілі қоғам қайраткері, ақын, айтыс өнерінің жетекшісі Жүрсін Ермановтың өзі қатысып жүр.

Қала әкімшілігі қайырымдылық пен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында  өтетін «Жомарт жүрек» фестивалінде, жыл сайын қаламыздағы кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің қайырымдылық акцияларын-  жеке адамдарға , қоғамға демеушілік көрсеткен қолдауын жасаған ізгі істерін айшықтап, халыққа үлгі ете отырып, оларды ел алдында салтанатты түрде марапаттайды.

Iс-шаралар

Меню