2022 жылдын ақпан айының 24-ші жұлдызында Кеншілер мәдениет сарайының кәделі залында Қарағанды облысындағы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз-конференциясы өтті.
Баспасөз-конференциясының спикерлері: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы – Ерлан Нелдібаев; Басқарманың бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы – Жанна Кожухова; Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру және мониторинг бөлімінің маманы – Назгуль Байкенова; «Алтын Батыр» ЖК, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қауымдастығының төрағасы – Лана Болат.
Айта кету керек, 2020 жылдың соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Әрбір балаға шығындарды төлеуді көздейтін қаржыландырудың жаңа әдісі 1 мамырдан бастап енгізілді. Бүгінгі таңда балаларға үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін artsport.edu.kz платформасы жұмыс жасап тұр.