Қарағанды обысының әкімінің мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне Сыйлығы

Қарағанды қаласында кәсіби мереке қарсаңында ең үздік мәдениет және өнер қызметерлеріне сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шара К.Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтті.
Биылғы жылы 22 адам облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанды. Мәдениет саласының үздік қызметкерлеріне тағайындалған сыйлық құны 200 мың теңгені құрады. «Мамандығына адалдығы үшін» атты номинация бойынша 500 мың теңге көлеміндегі арнайы сыйлық Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының жетекші әртісі Қайрат Кемаловқа табыс етілді.

  • «Жыл әртісі» — Алексей Шумский, ЖКТ (ТЮЗ) Теміртау;
  • «Жыл әртісі» — Әнуар Маржан, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры;
  • «Жылдың үздік эпизодтық рөлі» — Ерке Байдешев, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған театры;
  • «Жылдың үздік театр режиссері» — Александра Большакова, К.Станиславский атындағы орыс драма театры;
  • «Жылдың эстрада жанрының вокалисі» — Мадина Джанабаева, Қ. Байжанов атындағы КБ солисі;
  • «Жылдың классика жанрының вокалисі» — Виктор Игушкин, академиялық музыкалық комедия театрының солисі;
  • «Халық әнін үздік орындаушы» — Дулат Аханов, Қ.Байжанов атындағы КБ солисі;
  • «Жылдың үздік инструменталисі» — Сергей Сыпков, академиялық музыкалық комедия театрының солисі, Владислав Бадрах, Қ.Байжанов атындағы КБ симфониялық оркестр әртісі;
  • «Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» — Айгүл Әужанова, Қ.Байжанов атындағы КБ Тәттімбет атындағы академиялық оркестр әртісі;
  • «Жыл дирижері» — Үкібай Дүйсен, Қ.Байжанов атындағы КБ Тәттімбет атындағы академиялық оркестр;
  • «Жыл хореографы» — Татьяна Судакова-Попович, академиялық музыкалық комедия театрының солисі;
  • «Балет және хореографиялық ұжымының үздік артисі» — Мархабат Төкенова, Қ.Байжанов атындағы КБ «Аққу» фольклорлы-хореографиялық ансамблі;
  • «Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» — Вера Кулахметова, Ұлытау ауданы МҮ;
  • «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» — Айжан Шакенов, «Молодежный» МҮ директоры;
  • «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» — Ержан Бләлов, Қарқаралы ауданы Тегісшілік ауылдық округінің Восток ауылы клубының мәдени ұйымдастырушысы;
  • «Ауылдың үздік кітапханашысы» — Гүлмира Ажмағамбетова, Нұра ауданы ОКЖ директорының орынбасары;
  • «Үздік кітапханашы» — Жанар Окасова, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың әдістемешісі, Қаражал қ-сы;
  • «Жылдың мұражай қызметкері» — Салтанат Қатұмбаева, Шет ауданы археолого-этнографикалық мұражайының жетекшісі;
  • «Алтын жолақ» — Сүйіндік Жанысбай;
  • «Жылдың үздік суретшісі» — Жанат Комутов.

Ерлан Қошанов барлық лауреаттарды алған марапаттарымен құттықтап, келесі жылы сыйлық мөлшері ұлғайтылатынын жеткізді.

 

Iс-шаралар

Меню