Президент атындағы Жаңа жылдық — 2013 шырша мерекесі

2013 жылдың 20 желтоқсан күні «Олимпия» мейрамханасында Президент атындағы Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

Жыл сайын Елбасымыз Қазақстанның барлық аймағында біздің кішкентай азаматтарымызға арнап Жаңа жылдық мереке ұйымдастырады. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы Елбасы жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері, Астана қаласының 15 жылдығы биылғы жылғы мерекенің негізі болып табылды.

Қарағандыдағы Жаңа жылдық шырша облысымыздың қалалары мен аудандарындағы балалар үйінен, мүмкіндігі шектеулі балалардан, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан 150-ден аса бүлдіршіндер жинады.

Шырша мен үлкен экран қойылған залда балаларды Тұлпар, Алдар көсе, Зимушка-Зима, Қар Барсы, Бауырсақ сынды ертегі кейіпкерлері қарсы алды.

Ең бастысы, балаларды Жаңа жыл мерекесімен Президентіміз, содан кейін облыс әкімі Бауржан Әбдішев құттықтады.
— Жаңа жылды барлығы жақсы көреді. Алайда сіздер ғана Жаңа жылдық ғажайыпты ерекше күтесіздер.Бүгін сіздерде ғажайып мереке – Жаңа жылдық шырша. Оны сендерге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарту етеді – деген болатын облыс әкімі өз құттықтауында.

Ойындар, әндер, билер, театрландырылған карнавалдық-маскарадтық қойылымдар, концерттік ойын бағдарламалары өте көп болды. Жаңа жылдық салтанаттың соңында барлық жас қатысушылар Президенттің атынан тәтті сыйлықтар, ноутбкутар, конькилер және энциклопедиялық кітаптар алды.

Было много игр, песен и танцев, театрализованное карнавально-маскарадное представление, концертно-игровая программа. А в завершении новогоднего торжества все юные участники праздника получили от имени Президента страны – сладкие подарки, ноутбук, коньки и книги – энциклопедии.

Iс-шаралар

Меню