Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу

2014 жылдың желтоқсан айының 15 күні Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты шараға қала және аудан әкімдері, облыстық мекемелердің басшылары және ректорлар, соғыс және еңбек ардагерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтардың өкілеттері шақырылды.

Облыс әкімі ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті.
Аймақ басшысы Н.Әбдібеков «Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында Нұра ауданының «Шахтерское» шаруа қожалығының басшысы Георгий Прокопқа «Отан» орденін табыс етті. Ал, Қарағанды Орталық көз микрохирургиясының директоры Владимир Ким Қазақстан Республикасының хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қолынан «Құрмет» орденін алды», – деп атап өтті.

ҚР Президентінің Жарлығымен 50-ден аса қарағандылықтар Тәуелсіздік Күніне арналған мемлекеттік сый-сияпаттарға ие болды. «Парасат» орденімен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы қазбалар орындарын ашу» кафедрасының меңгерушісі Ибатолла Арыстан марапатталды. ІІ дәрежелі «Достық» ордені кәсіпкер Бахтияра Исхаховаға табыс етілді.

11 қарағандылық азамат «Құрмет» орденін иеленді, соның ішінде В.И.Ленин атындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры Леонид Бокарев, суретші Айбек Бегалин, «Садовое-К» ЖШС директоры Владимир Эммерих, бокс жаттықтырушысы Андрей Райш және т.б.

Салтанатты түрде мемлекеттік сыйлықтарды табыс ету рәсімінен кейін С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры актерлерінің, Т.Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық би ансамбілінің қатысуымен «Күннің пайда болуы» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Іс-шара соңында Гала-концерт ұйымдастырылып, оған Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, «Вдохновение», «Шолпан», «Аққу», «Шаттық» және «Қуаныш» хореографиялық ұжымдары, сонымен қатар Қарағанды симфониялық оркестрі және қаламыздың қонағы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әншілер конкурсының лауреаты, Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет театрының әншісі; М.Джалил атындағы Қазан операсына және Анкара операсына (Түркия) шақырылып алынған әнші, «Turkey duniasi» Үздік-Сопраносы – Гүлзат Даурабаева (Алматы қ.) қатысты.

Iс-шаралар

Меню