2015 жылдың мамыр айының 1 жұлдызында Қарағанды қаласында Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Дәстүр бойынша аталмыш шара мыңдаған қарағандылықтар, соның ішінде барлық этно-мәдени бірлестіктердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың еңбек ұжымдарының өкілеттері, студенттер қатысқан көркем шерумен ашылды.
Аймақ басшысы құрмет азаматары мен этномәдени бірлестіктерінің басшыларына «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерейтой төсбелгілерін табыстады.
«Тәуелсіздік» алаңының сахнасында қарағандылықтарға этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен ХХ облыстық «Достық шаңырағы» атты ұлттық мәдениеттердің фестивалі өткізілді.
Сонымен қатар, мерекелік кеш студенттік жастар, Кеншілер мәдениет сарайы ұжымдарының, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің ансамбльдері және әнші, композитор, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Ерлан Көкеевтің дайындаған бағдарламасымен жалғасты.