Орталық мемлекеттік, әлеуметтік-маңызды және кәсіби мерекелерді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.
«Алғыс айту күні – бірліктің, бейбітшілік пен тарихи естеліктің мерекесі» атты алғыс айту күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті. «Бір халық – бір отан – бір тағдыр» атты (Долинка кенті саяси қуғын сүргінге ұшырағандардың мұражайы) қолданбалы өнерінің киізден жасалған бұйымдар көрмесі бірінші қабатта жұмыс жасады. 6 бөлімнен тұратын бағдарламада Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері, этномәдени орталықтары өз өнерлерін паш етіп, қазақ жеріне, еліне деген шексіз алғыстарын жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, елімізде бейбітшілік және бірлік, достық пен ынтымақтастық қалыптасқан. Бағдарламаның соңында бір топ Қазақстанның отансүйгіш жастары «Жаса Қазақстан» әнімен аяқтады.
Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Наурыз – Нұрлы мерекем» атты театрландырылған қойылым қойылды.
Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры мен Станиславский атындағы орыс драма театры актерлары, Этномәдени бірлестік, Симфониялық және Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі, «Әжелер» хоры, «Аққу», «Шолпан», «Қуаныш», «Волшебная страна» би ансамблдері, Қытай және Италия еліндегі «Extrim – show» байқауының жеңімпазы акробат Ғалымжан Әуесбай қатысты.
Бұл күнгі безендіру ерекше әсер берді. Қазақтын тұрмыс-салт өмірін бейнелеген 4 жарты кигіз үй және ақ маталар оралған биік бәйтерек орнатылды. Іс-шара ұлттық киім киіп, қазақтың ұлттық музыкаларын орындаған оркестрмен басталды. Ортаға қыздар мен ұлдардан құрылған 7 жүргізуші шығып, тәуелсіздігімізді бейнелеген бимен бишілер жалғастырды. Одан кейін ортаға қолында найза, қылыш, қалқаны бар бес қаруын сайлаған нөкерлермен Қазақ даласының төрт торабын бейнелеген төрт қазақ батырлары шығып өз мекенің мақтаң тұттып «Extrim – show» байқауының жеңімпазы Ғалымжан Әуесбайға назар аударды. Ғалымжан Әуесбай 6-метрлік биікке көтеріліп халықты таң қалдырды.
Қазақтың сылқым қыздары би билеп, батырларға келіп алаңға қосылғаннан кейін Этномәдени бірлестік өкілдері өз тілдерінде наурыз мерекесімен құтықтады. Әжелер келіп ән салып, бишілер әр ұлттын биін билегеннен кейін жүргізушілер ортаға шығып Қарағанды облысының әкімі сахына төріне шақырды. Қазақтын бұрымды қыздары мен білекті ұлтарының ашқан жолымен Қарағанды облысының әкімі сахынаға көтеріліп сөз сөйлегеннен кейін, Қызыр Ата халыққа батасын берді.
Наурыз әні орындалып сол әннің аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді.
Көрініс соңында мерекелік Қарағанды қаламыздын құрметіне арналған ән орындалып, ұлттық киім киген әжелеріміз «Шашу» шашып, түрлі-түсті салют атылды.
Концерттік бағдарламаны әрі қарай Қарағанды облысының кәсіби және көркемөнерпаз ұжымдары жалғастырды.
1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Орталық мәдениет және демалыс саябағының алаңында «Қазақстан тірегім, туған елім!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бағдарлама М.Төлебаевтың музыкалық композициясы «Біржан және Сара» операсы үзіндісінен басталды. Композицияны Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, орындаған., КАТМК хоры, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Аққу» фольклорлық ансамблі орындады.
Дерижер: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абдугалисын Шоқанбаев.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысовтың және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Мерей» ансамблінің орындауында Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалды. Осы әннің аясында түрлі-түсті жалаулармен аланды әсемдеп АӘМ тәрбиеленушілері, ОМСжХШҒӘО «Қуаныш» үлгілі би ансаблі, А.Бөкетов атындағы ҚарМУ және Қарағанды политехникалық колледж студенттері шықты.
Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Гүлмира Жукупбаева, облыстық «Жас қанат-2019» жас орындаушылар байқауының лауреаттары және №66 ЖББОМ «Аяла» үлгілі хореографиялық ансамблі «Ақ көгершін» вокалдық-хореографиялық қойылымын қойды.
Қарағанды облысының әкімі қарағандылықтарды мерекемен құттықтап, 10 отбасыға пәтер кілттерін табыс етті.
Одан әрі бағдарламаны Әсел Қарабаева вокалдық студиясы және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі және Қарағанды қаласы балалар мен жеткіншектер сарайының «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблі жалғастырды. Мерекелік күн бойы сахнаға Академиялық музыкалық комедия театрының ұжымдары, «Харекет қайырымдылық қоры» ұйымының таллант жастары, КМС көркемөнер ұжымдары, сондай – ақ облыстық «Жас қанат-2019» конкурсының лауреаттары қатысқан концерттік бағдарлама қойылды.
6 мамыр күні Ариста мейрамханасында Қарағанды облысының әкімі ҰОС және еңбек ардагерлерінің салтанатты қабылдауы өтті.
Ардагерлерді 65/05 әскери бөлімінің әскери оркестрі қарсы алды, кешен фойесінде соғыс жылдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Ерлан Жақанұлы Қошанов ардагерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, әр отбасына бейбітшілік пен амандық тіледі.
Т.Бегельдинов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушілері облыс әкімінің атынан «9 мамыр» салтанатты маржа астына ардагерлерге гүл шоқтары мен конверттер табыс етті.
Ардагерлерді облыстық ардагерлер одағының төрағасы Торегожин Оралхан Тұрсынұлы, «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генирал Адырбеков Дулат Темірғалиұлы, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генирал Ботақанов Еркін Саветбекұлы және Т.Бегельдинов атындағы Қарағанды Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің директоры Болатбеков Атығай Құнжолұлы құттықтады.
Облыс жастары атынан ардагерлерді Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасының 610-ші ұшқышының офицері; «Астана» өңірлік қолбасшылығының офицері; екі мәрте КСРО Батыры.Т.Бегельдинов атындағы «Жас Ұлан» РӘМ №58 мектеп кадеті құтықтады.
Қабылдау барысында ардагерлер алдында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблі, КАТМК әртістері, Әсел Қарабаева балалар вокалдық студиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» вокалдық триосы, сондай-ақ «Қуаныш» және «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетті.
Салтанатты қабылдау Д.Тухмановтың «День Победы» әнімен аяқталды.
Мамыр айының 21-ші жұлдызында К.С.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.
«Жыл әртісі» – Белавин Андрей, К.С.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театры;
«Жыл әртісі» – Зверьева Ольга, Теміртау қаласының балалар мен жеткіншектер театры;
«Жылдың үздік эпизодтық рөлі» – Кожушкина Галина, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Жылдың үздік театр режиссері» – Дроздецка Владимир, Теміртау қаласының балалар мен жеткіншектер театры;
«Жылдың эстрада жанрының вокалисі» – Қарабаева Әсел, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі;
«Жылдың классика жанрының вокалисі» – Федорова Елена, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Халық әнін үздік орындаушы» – Жидебаева Гүлдәурен, Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы;
«Жылдың үздік инструменталисі» – Криулин Евгений, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік;
«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» – Горлова Алевтина, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Жыл дирижері» –
«Жыл хореографы» – Жақыпбекова Дина, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Балет және хореографиялық ұжымының үздік артисі» – Сорокина Мария, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» – Ищенко Евгения, Абай ауданының мәдени-демалыс орталығы;
«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» – Ибраева Айткүл, Ұлытау ауданының Қарсақбай кентіндегі клуб меңгерушісі;
«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» – Азамат Амантайұлы,
Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті;
«Ауылдың үздік кітапханашысы» – Алдоңғорова Гүлнар, Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
«Үздік кітапханашы» – Евгения Анатольевна, Осакаров ауданының Орталықтандырылған кітапханасы;
«Жылдың мұражай қызметкері» – Супиянова Күлмағира, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі;
«Алтын жолақ» – Морозова Наталя, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Жылдың үздік суретшісі» – Кидрасову Рашиду, Абай ауданының Орталықтандырылған кітапханасы;
«Сыйлық иегері» – Ажмағамбетов Ғазиз, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі;
«Мамандыққа адалдық» – Зубахина Светлана, Академиялық музыкалық комедия театры;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі – Аксанова Валентина, Абай аудандық мәдени-сауық орталығы;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі – Кучаева Елена, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі – Асылбекова Гүлнұр, Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі – Қазанбаева Зейпін, Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихының музейі;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі – Бакраев Қанат, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі.
Салтанатты рәсімде Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, «Арай» ансамблі өнер көрсетті.
4 мамыр күні Кеншілер мәдениет сарайының салтанатты залында Түркия Бодрум қаласында өткен Little Miss World – 2019 және Photomodel world – 2019 халықаралық сұлулық пен талант байқауында өткен Mini Miss Karaganda – 2018 Аиши Әбенованың Mini Miss Karaganda-2018 қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Аиша Әбенова 2011 жылдың 13 маусымында Қарағанды қаласында дүниеге келген, №45 гимназияның 1В сынып оқушысы.
Аиша Әбенова Mini Miss Karaganda-2018 облыстық сұлулық пен талант байқауының жеңімпазы, 7-9 жас аралығында Mini miss grand prix Russia 2018 титулының иегері.
Аиша Қарағанды қаласының «Art Line» Модельдік агенттігі ұйымдастырған фото және бейне түсірілімдерге бірнеше рет қатысты, сондай-ақ 2018 жылы Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына арналған «Өмір тарихы» деректі фильміне сәтті түсті.
27 тамыз күні Достық Үйінің залында «Мерейлі отбасы» атты жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға Қарағанды облысының әр аймағынан отбасылар қатысты. Достық Үйінің фойесінде әр отбасының портреттері бар фотокөрме ұйымдастырылды. Залда байқауға қатысушылардын фото және бейне слайдтары көрсетілген экран орнатылды.
Іс-шараны «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі «Бақыт құс» атты хореографиялық қойылымымен ашты.
Әр өңірден келген 19 отбасы Қарағанды облысы әкімінің дипломдарымен және естелік фотоальбомдарымен марапатталды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша үш жеңімпаз отбасы анықталды:
- 3 орынЖезқазған қаласынан Стамкуловтар отбасы
- 2 орынСалкауовтар отбасы Жезқазған қаласы
- 1 орынХамитовтар отбасы Қарағанды қаласы
Концерттік бағдарламада Қ.Байжанов атындағы концертік бірлестіктің «Диар» аспаптық дуэті, «Адива» жастар триосы және Әсел Қарабаеваның балалар вокалдық студиясы өз өнерлерін көрсетті.
20-шы қыркүйек күні Орталық мәдениет және демалыс саябағының (грин сити парк) жаңа алаңында «NurOtan» партиясының және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне 125 жыл толуына арналған Гала концерт өтті.
Концерттік бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Бауыржан Исаев, Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова және «Асыл» аспапты триосы қатысты. Сонымен қатар:
- Тәттімбет атындағы қазақ академиялық оркестері;
- «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі;
- «Шындауыл» соқпалы аспаптар ансамблі;
- «Аққу» фольклорлық хореографиялық ансамблі;
- Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері Нұрбол Темірғалиев және Гүлмира Топай;
- С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлері;
- «Волшебная страна»; «Аяла» және «Нұрби» үлгілі хореографиялық ұжымдары өнер көрсетті.
Бағдарламаның жүргізушілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Әбділманов және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жүргізушісі Мейрамгүл Кәріпжанова жүргізді.
Тәуелсіздік күні — біздің мемлекетіміздің бостандығы мен құдіретінің символы болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды, Тәуелсіздік жылдары біз әлемдік мойындау мен үлкен ілгерілеуге қол жеткіздік.
Жыл сайын облыстық мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арнап «Гүлдене бер туған жерім – Қазақстан!» атты қайырымдылық концерт өткізеді.
2019 жылдын желтоқсан айының 11-ші жұлдызында қаламыздын өнерлі жастары тағы бір мәрте ардагерлерді құттықтап №2 қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды.
Концерттік бағдарламада «Қуаныш» үлгілі би ансамблі, Кеңшілер мәдениет сарайының әншісі Әсем Жармағамбетова, жас ақын Бек Ноғайбайұлы, сонымен қатар облыстық «Жас қанат — 2019» байқауының лауреаты Сұлтан Молдабеков өнер көрсетті.
1997 жылдан бастап Қазақстанда қуғын-сүргінге ұшыраған саяси репрессия қуғындарын еске алу күні атаылп өтеді. 31 мамыр күні Қарғанды қаласында Спасск мемориалды кешенінде аталмыш датаға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жерде депортацияға ұшыраған әрбір халықты еске алу монументі орнатылып, мұсылман, православ және католик діни бағыттарының жоқтаулары айтылды.
24 наурызда Кеншілер мәдениет сарайында «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблінің есептік концерті өткізілді.
Концерт ансамбльдің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы жастарының жылына арналды.
Концерттік бағдарлама би тілінде «Өмір ағашы» атты тақырыптық прологтан басталды.
Үлгілі хореографиялық ансамбль облыстың үздік ұжымдарының бірі деп танылды. Тойболдина Айман Нұрланқызының жетекшілігімен ұжым көптеген құрметті атақтарға ие болып, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты атанды.
Ұжым түрлі жанрдағы би өнерін көрсетті: халықтық және қазіргі заманғы, балалардың әсерлі суреттемелері, тіпті k-pop стилінде.
Концерттік нөмірлерде ансамбльдің вокалдық-хореографиялық қойылымдары қойылды.
Осы мерейтой кешінде ансамбльді құттықтауға достары мен әріптестері, сондай-ақ ансамбль түлектері келді.
Азды-көпті бір сағаттың мұғдарында сұлулық пен шеберлік қатар үйлескен тартымды кеш көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жыл сайын Қарағанды қаласында, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен, Жаңа жылдық шырша өткізіледі.Осы жылғы жаңа жылдын тақырыбы: «Біз Еліміздің жарқын болашағымыз!».
Театрландырылған карнавалдық-маскарадтық көрініске облыс аудандары мен қалаларынан 9-13 жас аралығындағы 180 бала қатысты.
Ертегілерге толы іс шараға С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актерлары, «Қуаныш» және «Шолпан» үлгілі би ансамблдері, Әсел Қарабаеваның балалар вокалдық тобы, Тәттімбет атындағы өнер колледжі режиссер бөлімінің студенттері қатысты. Кейіпкерлер балалармен бірге сиқырлы қар мен сиқырлы сөз арқылы ертегілер бойынша саяхатқа аттанады. Саяхат барысында балалар қызықты ойындар ойнап, би билеп, жаңа жылдық әндер айтты.
Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбек құттықтады. Салтанатты фанфардың аясында балаларға сөмкелер, кітаптар, тәтті сыйлықтар және ақшалай сертификаттар табыс етілді. Мереке соңында «Менің Қазақстаным» атты вокалдық-хореографиялық қойылым орындалды.Қойылымнан соң балалар мерекелік асқа шақырылды.
4 наурызда облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда №1 қарттар мен мүгедектерге арналған қайырымдылық концертін ұйымдастырып өткізді.
Мерекелік концертке «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі, ансамбль әншісі А.Қасымхан, Кеншілер мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі, әнші, музыкант Валерий Роголев, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің солисті Ерден Марат және орталықтың қызметкерлері Еркебұлан Елтай мен Алтынай Нұрманбаева қатысты.
Жыл сайын бағдарламаға №1 МӘМ қамқорлығындағы Надежда Ивановна Белей қатысады, ол қарт адамдарды өз талантымен тамсандырды.
Концерт барысында кинофильмдердегі әндер мен 80-ші жылдардағы ретро әндер шырқалды. Соңында Ерден Мараттың орындауында «Анаға сый» әні шырқалды, ал МӘМ қызметкерлері концерттің қатысушыларымен қарт адамдар мен мүгедектердің фотосессиясын ұйымдастырды.
Желтоқсан айының 4-ші жұлдызында Н.В. Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының және Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық сахна өнерінің дарабозы, Қазақстан республикасының Халық артисі, шертпе күйдің шебері, Балқаш қаласының құрметті азаматы Мағауия Хамзиннің шығармашылығына арналған «Күмбір-күмбір күй төккен, Күйден күмбез тұрғызған» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Мағауия Хамзиннің інісі Дәнелия Хамзиннің әйелі – Бақыт Жақыпбекқызы; үлкен ағасының немересі – Оралта Тиштыбайұлы; шәкірті, домбыра жасау шебері — Аман Садуақасов; «Мағауия Хамзин» атты монографияның авторы, күйші, өнертану ғылымдарының магистрі – Манап Бағдатұлы осы кештін қонағы болды.
Көрермендер ретінде Қарағанды қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының оқушылары шақырылды. Кітапхана фойесінде қонақтарды Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі қарсы алды.
Тұсаукесерді Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының басшысы Дина Базарбайқызы Аманжолова ашты.
М. Хамзиннің туыстары Мағауи Хамзиннің қолымен жасалған эксклюзивті домбыраларды көрсетті,олардың бірінде Манап Бағдатұлының орындауында М.Хамзиннің күйлері шебер орындалды.
Сондай-ақ, іс-шарада халықаралық конкурстардың лауреаты Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктін дәстүрлі әншісі Ержан Базарбеков және «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі Индира Таргынова өнер көрсетті.
Тәттімбет атындағы өнер колледжі кітапхана бөлімінің 2 курс студенттері кітапхана залында «М.Хамзиннің өмірбаяны мен шығармашылығы» тақырыбында викторина ұйымдастырылып, сыйлық ретінде «Сарыжайлау» кинотеатрына шақыру билеттері табыс етілді.
Шара жас ақын, «Жыр Жауһар» поэзия клубының мүшесі Еркебұлан Елеусізовтың орындауындағы С.Ақсұңқарұлының «Хамзинге арнау» шығармасымен аяқталды.
Келген қонақтар мен қатысушыларға Қарағанды облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының; облыстық мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығынын және Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының атынан Мағауия Хамзиннің шығармашылығына арналған кітаптар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Есеп беру кезеңінде ОМС және ХШҒӘО-мен хор ұжымдарымен жұмыс жасау үшін, аз қоныстанған елді-мекендерде мәдени-сауық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен «Жан шуағы» облыстық фестивалінің мерейтойлық буклеті шығарылды.
Облыстық семинарларда аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарға арналған Қарғанды облысының брендтық іс-шаралардың шығармашылық жобалары DVD – дискілерінде шығарылып, таратылған болатын.