Ардагерлер ән салады 2016

4 мамыр күні Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңіс күніне арналған XXVI облыстық «Ардагерлер ән салады» атты соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалі өтті.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы мұрындық болған шара барысында, «Мәңгілік алау» даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды.

Шара аудан өнерпаздарының егемендігімізге ширек ғасыр толуына арналған театрландырылған көрінісімен ашылды. Фестивальге Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан келген 23 хор ұжымы қатысты. Хор ұжымдары соғыс кезіндегі және патриоттық бір ән орындады. Шара соңында қатысушыларға аудан әкімі диплом мен естелік сыйлықтар табыстап, басқарма басшылығы диплом мен ақшалай сыйлықтар ұсынды.

Ауыспалы ту Шет ауданынан Теміртау қаласына өтті. Демек, келесі жылы бұл фестиваль Теміртау қаласында өтетін болады. Фестиваль «Ән салайық, достар!» атты кездесу кешімен жалғасын тапты.

Iс-шаралар

Меню