Жеңіс Күні мерекесіне орай Қарағанды облысының мәдениет басқармасының және»Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымының» ұйымдастыруымен 2013 жылдың 6 мамыр күні Абай ауданының Топар кентінде «Ардагерлер ән салады» атты XХIII облыстық соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалі өтті.
Фестиваль бағдарламасында:
- Шеру, «Естелік стелласына»гүл-дестесін қою
- Қарағанды облысының соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының концерттік бағдарламасы
XХIII облыстық фестивальге 55-тен – 96 аралығындағы 600-дан астам қатысушылары бар 23 хор ұжымы қатысты. Олар: Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандары, Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Жезказған, Сәтбаев қалаларының қатысушылары болды. Сонымен қатар фестивальге Ұлы Отан соғысының ардагері: Сорокина Нина Николаевна да қатысты (Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Надежда» ардагерлер хоры)