Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, олармен көрсетілген сілтемеге өту арқылы таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029631#z56

Қарағанды облысының мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторы хабарлайды

Қарағанды облысының мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторы жеткізушілер белсенді емес ваучерлерді архивтеп, бюджет қаражатын үнемдегенін хабарлайды, соның есебінен 05.09.2023 жылы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ден бастап орындарды бөлу және ваучерлерді автоматты режимде artsport.edu.kz. ақпараттық жүйесімен беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі арқылы орындар бөлінген және жолдамалар берілген сәттен бастап үнемдеу есебінен жинақталған қаражат сомасы толық бөлінгенге дейін жеткізушілердің өтінімдері автоматты түрде ашылатынын хабарлаймыз.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы бойынша айналысатын 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында облыстық «BOLASHAQ STAR KZ» балалар шығармашылығы фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ



ВАУЧЕРЛЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысының мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторы жеткізушілер белсенді емес ваучерлерді архивтеп, бюджет қаражатын үнемдегенін хабарлайды, соның есебінен 10.05.2023 жылы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ден бастап орындарды бөлу және ваучерлерді автоматты режимде artsport.edu.kz. ақпараттық жүйесімен беру жоспарланып отыр.

Жеткізушілерден өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлер беру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде уақытша тоқтатылатынын қосымша хабарлаймыз.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдерге тегін мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды енгізу тетігін бекітті.

  • Осы бағдарламаға қатысу үшін, қызмет көрсетушілерге, сондай-ақ ата-аналарға арналған artsport.edu.kz ақпараттық порталға тіркелу қажет.
  • Қызметтерді кез келген ЖК және меншік нысанына қарамастан, сапалы жұмысқа дайын заңды тұлғалар ұсына алады.
  • 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады, олардың мүдделерін олардың заңды өкілдері білдіретін болады. Балалар арасында бос орындар олардың кезектілігіне сәйкес таңдалған қызмет жеткізушісін көрсете отырып, атаулы Ваучер беру арқылы бөлінеді.

Қарағанды облысы бойынша барлық қосымша сұрақтар бойынша осы нөмірге  хабарласуға болады:

8 (7212) 42-50-95 (дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін).

Электрондық пошта мекен-жайы: karonmc@mail.ru

Баршаңызды осы бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамыз!

Iс-шаралар

Меню