20 ақпанда «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің волейбол және арқан тарту бойынша XIV қысқы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті!
Аталған шара ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына және Қазақстандағы Жұмысшы кәсіптері жылына орай ұйымдастырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар өзара мықтыны анықтап, командалық рух пен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Спартакиаданың ашылуында К.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістері, сондай-ақ «Қуаныш» және «Жарқын» ансамбльдері өз өнерлерін ұсынып, қатысушылар мен қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.