Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт

2025 жылғы 6 мамырда Кеншілер мәдениет сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев әскери қызметшілер мен ардагерлерге алғыс хаттар табыстап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек етіп жүрген жандарға зор алғысын білдірді.

Мерекелік концертте көрермендер назарына ұлттық және классикалық музыканың үздік туындылары ұсынылды. Сахна төрінде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, талантты жас орындаушылар мен кәсіби шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Ән мен күй, би мен терме тоғысқан бұл кеш — Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген ерлерге деген халықтың шексіз ризашылығы мен құрметінің көрінісі болды.

Барша Отан қорғаушыларды шын жүректен мерекемен құттықтаймыз!

Сіздер – ел тірегі, ерлік пен абыройдың символысыздар. Қашан да аспанымыз ашық, жұртымыз аман болсын! Мереке құтты болсын!

Iс-шаралар

Меню