Осакаров ауданының мәдени-сауық орталығы
Осакаров ауданында алғашқы мәдени клуб 1934 жылы ашылды. 1971 жылы аудандық мәдениет үйі есегін айқара ашып, 1980 жылы «Осакаров ауданының мәдени-сауық орталығы» деген атауға ие болды.
Ауданның мәдениет үйін жылдар бойы басқарған директорлар: Хмуров М.А., Москалева Т.Ф., Сизова А.С., Анненкова Т.И., Шлиденгардт И.Ф., Москалев Г.Ф., Журавлева Т.А., Ишора Г.И., Пайсаниди Г.Г., Шанин С.В., Сивин П.А., Харкалюк Н.Н.
2018 жылдан бері Елеубаева Гүлжан Оспанқызы басшылық етеді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін мәдени іс-шаралар мен аудандық байқаулар аудан мәдениетін көтеріп, дамытып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, өнерге деген қызығушылықтарын арттырып келеді. Аудан тұрғындары үшін әр түрлі жанрдағы байқаулар мен қызықты бағдарламалар өткізіліп, демалыс күндері ойын-сауық кештері өткізіледі. «Менің Отаным» патриоттық әндер фестивалі, «Жеңіс алауы» хор фестивалі, «Сарыбелдің жұлдызды шапағы» би фестивалі, «Сарыбел аруы», «Абай әлемі» байқауы, «Сарыбел жұлдыздары» көп жанрлы халық шығармашылығы фестивалі сынды байқауларды өткізу дәстүрге айналған.
Қазіргі уақытта аудандық мәдениет мекемесінің құрамына клубтық үлгідегі 26 стационарлық ұйым кіреді. Олар: аудандық мәдени-сауық орталығы, Молодежный кентінің мәдени-сауық орталығы, 10 ауылдық: Батпақ а, Есіл а, Қарағайлы а, Мирный а, Николаевка а, Озерное а, Пионерское а, Садовое а, Сұңқар а, Маржанкөл ауылдық мәдениет үйлері және 14 ауылдық: Аманқоңыр а, Басқорық а, Жуантөбе а, Жұлдыз а, Ертіс а, Қызылтас а, Родниковск а, Сарыөзек а, Қаратомар а, Степной а, Трудовой а, Шідерті а, Шұңқыркөл а, Ералы ауылдық клубтары жұмыс істейді.
Аудандағы мәдениет ошақтарында барлығы 128 клуб үйірмесі бар, оның ішінде 124 көркемөнерпаздар ұжымы ауыл мәдениетін көтеріп, дамытуда. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды атқарылуда.