«Бірлік» Қарағанды облысындағы өзбек мәдени-этникалық орталығының» қоғамдық бірлестігі

Бахтияр Серікбайұлы Ысқақов – «Бірлік» Қарағанды облысындағы өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, IV және V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, II дәрежелі Достық орденінің кавалері.

«Бірлік» Қарағанды облысындағы өзбек мәдени-этникалық орталығы» қоғамдық бірлестігі 2006 жылы құрылған.

Облыстық өзбек этномәдени бірлестігі қызметінің негізгі мақсаты өзбек халқының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау, жаңғырту болып табылады. Орталық жұмысының басты бағыттары: этносаралық келісімді нығайту, аймақта тұратын басқа этникалық топтар өкілдерімен мәдени және қоғамдық байланыстарды дамыту.

Қоғам мүшелері облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Олар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын қолдай отырып, жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттай отырып, республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде сөз сөйлейді.

Iс-шаралар

Меню