«Дағыстан» ұлттық мәдени орталығының» қоғамдық бірлестігі

Ширинов Рамиз Ширинович – «Дағыстан» ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Дағыстан ұлттық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі 2006 жылы құрылды.

«Дағыстан» ұлттық-мәдени орталығының негізгі мақсаты: облыста тұратын Дағыстан халықтарының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілін, мәдениеті мен тарихын жаңғырту, сақтау және дамыту, ұлттық мәдениеттерді өзара байытуға жәрдемдесу, Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын іске асыру.

Шығармашылық ұжым облыста және республикада өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады.

Орталықтың би ұжымы 2008 жылы Павлодар қаласында өткен этномәдени бірлестіктердің республикалық фестивалінің лауреаты болып табылады. Орталық ұжымының репертуарында облыс хореографтары Дағыстан мамандарымен тығыз ынтымақтастықта қойған кәсіби билер бар.

«Дағыстан» ұлттық мәдени орталығы» ҚБ өз сайты бар. (www.Dagestan.kz)

Iс-шаралар

Меню