«Достық» Қытай ұлттық-мәдени орталығының» қоғамдық бірлестігі

Ян Дэ-Си«Достық» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

«Достық» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2006 жылы құрылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын жүзеге асыра отырып, ұйым Қарағанды облысында тұратын қытай халқы мен басқа да халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілін, мәдениеті мен тарихын жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға ұмтылады.

«Дружба» Қытай этномәдени бірлестігінде қытай тілінің курстары жұмыс істейді, онда қытай мәдениетінің негіздері, салт-дәстүрлері оқытылады. 2007 жылы этномәдени бірлестік Бейжіңнің «технология және дизайн Институтымен» Қазақстан студенттерін Қытайда оқытуға келісім-шарт жасасты.

2010 жылы Алматы қаласындағы «Достық» Қытай орталығының мүшелері «мемлекеттік және ана тілдерін оқыту» байқауына қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

2007 жылы этномәдени бірлестік Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасты. Осы Келісімге сәйкес гуманитарлық мамандықтар студенттері қытай халқының тілін, салт-дәстүрлерін үйрену бойынша этномәдени бірлестікте практикадан өтеді.

Iс-шаралар

Меню