Қарағанды облыстық «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі

Керейбаев Анвар Бекмұхамедұлы – «Қарағанды облыстық «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орталығы » қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Қарағанды облыстық «Ихлас»  татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі 1994 жылы негізі қаланған.

Орталықтың қызметі ана тілін жандандыруға, Татарстан Республикасының тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуге, Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған.

Орталық белсенділері ҚР Президенті Жолдауының негізгі қағидаларын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессияларының қорытындыларын насихаттау және түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына белсенді қатысады.

Облыстық татар-башқұрт ЭМБ шығармашылық ұжымы қазақстандық патриотизмді, этносаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыру мәселелеріне арналған облыстық фестивальдер, акциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында дәстүрлі түрде өткізілетін «Сабантой» халық мерекесі барлық қарағандылықтар үшін ұлтаралық мерекеге айналды.

Iс-шаралар

Меню