Молотов-Лучанский Вилен Борисович-медицина ғылымдарының докторы, профессор, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының жетекшісі, «Қарағанды еврей мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
1992 жылы Қарағанды еврей мәдениеті орталығы құрылды, 1999 жылы «Қарағанды еврей мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркелді.
Этномәдени бірлестіктің белсенді мүшелерінің басшылығымен және төрағаның қатысуымен қазақстандық патриотизмді, этносаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыру мәселелеріне арналған облыстық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды және өткізілді.
Бірлестік жанында театр клубы жұмыс істейді, оған қатысушылар Қазақстан этностарының өміріндегі тарихи оқиғаларға арналған ондаған спектакльдер, концерттік қойылымдар, композициялар қойды.
Қоғам мүшелері этносаясаттағы заманауи тәсілдерді меңгеру, этносаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша семинар-тренингтерде оқып, өз біліктілігін үнемі арттырып отырады. Қазақстан этностарының тілдерін дамытудың өзекті мәселелерін түсіндіре отырып, халықпен шебер және тиімді жұмыс істеуде.
Еврей этномәдени бірлестігі республика мен облыстың қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарайды.