Рзаев Гүлага Векил-оглы-«Намус» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
«Намус» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2001 жылдың 6 тамызында құрылды.
Әзірбайжан орталығының негізгі мақсаты әзірбайжан халқының және облыста тұратын басқа да этностардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілін, мәдениеті мен тарихын жаңғырту, сақтау және дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын іске асыру.
Орталық жанында мемлекеттік және әзірбайжан тілдерін оқыту бойынша сынып жұмыс істейді. Ана тілін үйренуге деген қызығушылық Әзірбайжан әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауға және дамытуға ықпал етеді.
Этнополитикадағы, медиация бойынша Этносаралық қатынастар саласындағы заманауи тәсілдерді меңгеру бойынша семинар-тренингтерде оқып, өз біліктілігін үнемі арттырып отырады, Қазақстан этностары тілдерін дамытудың өзекті мәселелерін түсіндіре отырып, Халықпен жұмыс істейді.
«Намус» ҚР Тәуелсіздік күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, сондай-ақ басқа да мерекелік іс-шараларда өтетін жыл сайынғы ұлттық мәдениеттер фестивальдерінің толық құқықты қатысушысы.