«Ровесник» үлгілі балалар драмалық театры

«Ровесник» үлгілі балалар драмалық  театры 1975 жылы құрылды. 1983 жылы аталған ұжымға «Үлгілі» атағы берілді. Осы уақыттан бастап «Ровесник» театры көркем өнерпаздықтың және  қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық   байқаулардың  бірнеше рет лауреаттары болып табылады.  Соңғы үш жыл ішінде театрдың жас актерлері балалар мен жастардың театралдық ұжымдарының әр түрлі деңгейдегі байқау, фестивальдарына  белсене  қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.  («Алтын балапан», «Тағы да махаббат туралы»,  «Менің күлкілі бақытым», «Сабақтан кейінгі кішкентай комедиялар, «Құмсалғыш», «Қызыл телпек ойнайық»,   «Бұл өте қызық»)  спектакльдері бірнеше мәрте мамандардың жоғары бағасына ие болды, ал жас актерлер: Волох Алена, Серкина Регина, Богданова Ксения, Попиловская Кристина, Журавлева Алиса – мамандық бойынша оқу орындарына түсуге ұсыныс алды. Волох Алена қазіргі кезде «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша Қарағанды қаласындағы  Тәттімбет атындағы өнер колледжінде оқиды.    «Ровесник» үлгілі балалар драма театры көп жылдық дәстүрі бар ұжым, балалар шығармашылық театры қалалық және орталық ішіндегі іс-шаралардың(байқаулар, концертер, акциялар,шоулар, мерекелер және әдістемелік бағдарламалар)  тұрақты қатысушысы. Ұжым жыл сайынғы қалалық  жаңажылдық  қойылымдардың ұйымдастырушысы болып табылады. Аталған қойылымдар өзінің өзгешелігімен ерекшеленіп, жас көрермендерге өнегелік мағына береді.

Театр ұжымы балалар үйі  тәрбиеленушілері мен бейберекет отбасының балалары үшін қайырымдылық спектакльдер қояды. «Ровесник» үлгілі балалар драмалық театры – көп жылдық дәстүрі бар ұжымның  құрылғанына биыл 45 жыл толады. Бүгінгі тәрбиеленушілер өз өмір жолын театр өнерімен байланыстырып, өнер жолында жетістіктерге жеткен театр түлектерін  мақтан тұтады. Олар: Дроздецкий Владимир (актер, Теміртау қ.  жас көрермендер театрының директоры), Левтерев Владимир (Теміртау  қ. ЖКТ актері), Федоренко Светлана (Теміртау қ. ЖКТ актері), Шумский Алексей (Теміртау қ. ЖКТ актері), Большакова Александра  (К.М.Станиславовский атындағы Қарағанды драма театрының режиссері, Турчина Галина (К.С.Станиславский атындағы Қарағанды драма театрының актері), Искакова Сауле (Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург  қаласының «Зазеркалье» театрының әртісі), Протасов Андрей  (Мәскеу қаласы «Мәдениет» телеканалының жүргізушісі, актер), Пахолкин Сергей( Красноярск қаласы  «СТС  – прима» телеканалының режиссері, актер), Борисов Олег (актер, режиссер  Германия).

Аға буынның сабаққа өз балаларын ертіп келуі, жас ұрпақтың театр тарихына құрметпен қарауы – театрға Теміртау қаласындағы танымал ұжым болып, көп жылғы тәжірибені сақтап, әрі қарай дамуға мүмкіндік туғызады.

Iс-шаралар

Меню