Қарағанды қаласының балалармен жасөспірімдер сарайының Үлгілі «Волшебная страна» хореографиялық ансамблі

Үлгілі «Волшебная страна» хореографиялық ансамблі 2000 жылы Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының базасында ұйымдастырылды. Ансамбльде 5 жастан 36 жасқа дейінгі 400-ге жуық бала қатысады және 14 ұстаздар жұмыс істейді. Шығармашылық қызмет жылдары бойы «Волшебная страна» ансамблі 60 рет халықаралық, республикалық және облыстық конкурстар мен фестивальдардың «Гран – при» атағына ие болды, сондай-ақ беделді конкурстардың 1,2,3 дәрежелі лауреаты атанды.

Ансамбльдің шығармашылық географиясы өте кең. Ансамбль Ресей ( Мәскеу, С – Петербург, Самара, Қазан, Саратов, Миасс, Екатеринбург, Қорған , Сочи, Челябинск және т. б.), Грузия, Украина, Өзбекстан, Түркия, Египет, Тунис, Испания, Италия, Греция, о. Крит және О. Кипр және т. б. елдерде қала мен республиканың намысын бірнеше рет қорғады. Барлық жерде ансамбльге қатысушыларының жоғары хореографиялық дайындығын көрсетеді, олардың артистігі, техникасы мен кәсіби шеберліктері атап өтіледі. Ансамбльдің жұмыс жасаған жылдар ішінде оның репертуарында 80-нен астам хореографиялық нөмірлері бар. Бұл әлем халықтарының билері, сондай-ақ заманауи және эстрадалық хореография. Ансамбль «ҚР Тәуелсіздік күні», «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», Мұғалімдер күні және соңғы қоңырау күні, Наурыз және Шахтерлер күні сияқты қалалық, облыстық және республикалық іс-шаралардың, соның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың тұрақты қатысушылары болып табылады.

Ансамбль жетекшілері мерекелерді ұйымдастыру бойынша режиссерлік-қойылымдық топтарға, халықаралық комиссияларға және Қазақстан мен Ресейдегі түрлі байқаулардың қазылар алқасына шақырылады.

«Волшебная страна» ансамблі біздің қаламыздың және облыстың жетекші ұжымдарының санатында.

Ансамбльде жұмыс мерзімі кезеңінен бастап қатысушылардың  7 құрамы қанат қақты, олардың көпшілігі хореография мамандығын таңдады. Ансамбль өз дәстүрлеріне бай және мұндағы балалар махаббат, келісім, достық және толеранттылыққа тәрбиеленеді. «Вольшебная страна» Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісі деп атайтыны бекер емес, Өйткені оның құрамында әр ұлттың балалары қатысады.

2020 жылдың маусым айында ансамбль өзінің 20 жылдығын атап өтті.  «Вольшебная страна» біздің қаламызға ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де танымал.

Вазем Ирина Юрьевна – біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары санатты қосымша білім беру ұстазы. 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ұлты Украинка. Педагогикалық өтілімі-32 жыл.

1988 жылы Қарағанды мәдениет училищесінің «Хореограф. Хореографиялық ұжымның жетекшісі», 1995 жылы – Қарағанды педагогикалық институтын» «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу орындарын тәмамдады.

Ирина Юрьевна – нағыз ұйымдастырушы. Ол шығармашылық, зияткерлік, сауатты ұжымды біріктіріп, 2000 жылы «Вольшебная страна» хореографиялық ансамблін ұйымдастырды. 2001 жылы ансамбль «Үлгілі өнер ұжымы» жоғары атағын алды. 2003 жылдан бастап Вазем И. Ю осы ұжымның көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Ирина Юрьевна-талантты, кәсіби ұстаз. Ұжымда 5 жастан 36 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысады және 14 ұстаз жұмыс жасайды. Ансамбльдің бастамасынан бастап, 80-нен астам би қойылды: халықтық және эстрадалық бағыттарда. Әр сабақтарында ұстаз жеке-жеке баланың мүмкіндіктерін дамыту ортасын жасайды, жас ерекшеліктеріне сәйкес репертуарды таңдайды , құралдарды таңдауда қиялдарды жүзеге асырады, ұжымның дәстүрлерін қалыптастырады. Ансамбльдің жұмыс барысында Ирина Юрьевнаның жетекшілігімен табысты гастрольдік сапарларға шығып, көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты және жеңімпазы атанып жүр. Қазақстанның түкпір-түкпір және шетелдерде концерттерімен өнер көрсетеді. Ұжым Қазақстанда , Ресейде, Украинада, Түркияда , Грецияда, Болгарияда, Испанияда, Италияда, Египетте, Тунисте 60 дүркін Бас жүлде иегері. Самара, Екатеринбург, Миасс , Қазан, Сочи , Курган , Грузия және т. б. беделді конкурстардың 1,2,3 дәрежелі лауреаты.

И.Вазем қойылымдарын Ресей Федерациясының көрнекті өнер қайраткерлері жоғары бағалады: М. М. Кольцова (Худ. «Березка» Мемлекеттік ансамблінің жетекшісі), В.И.Кирсанов, Ф.Н.Хачатрян (ГИТИС профессоры), Пасютин В. М. (ГИТИС профессоры), Щеголева Е. А. (ГИГИС профессоры), Коптелова Е. Д (Игорь Моисеева мектеп – студиясының оқытушысы, Мәдениет және киноматография федералды агенттігінің Білім және ғылым бөлімінің бас маманы) және т. б. Қойылым жұмыстары, орындаушылардың кәсібилігі, артистік және шығармалардың көркемдік формалары жоғары бағаланды.

Ирина Юрьевна жыл сайын «Надежды Европы» МФД, «Білім беру және әлем мәдениеті орталығы», жас таланттардың шығармашылық одағы, «Новое поколение» балалар және жасөспірімдер шығармашылығын қолдау қоры және т. б. жетекші қазақстандық және ресейлік балетмейстерлерден мастер-класстар алып, педагогикалық шеберлігін арттырады.

2006 жылдан бастап И.Вазем Тәттімбет атындағы өнер колледжінің бітіру емтихандары жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы. – » балет әртісі» және хореограф мамандығы бойынша ұжымның жетекшісі». 2008 жылдан бастап Станиславский театр режиссерлерімен бірге жұмыс істейді.

Ұстаздың шеберлігінің жоғары деңгейі қала мен облыста жоғары бағаланады! Жоғары орындаушылық шеберлігі, кәсібилігі, республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңісі үшін «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Ирина Юрьевна Вазем 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы «үздік хореограф-2007 жыл» номинациясындағы сыйлығына, сондай-ақ «Талант»сыйлығына ие болды.

2009 жылы Қазақстанда балалар шығармашылығын дамытқаны үшін ЮНИСЭФ медалімен марапатталды, 2018 жылы Қарағанды қаласы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығына ие болды. Жұмыс барсында И.Ю.Вазем Қазақстандағы балалар хореографиясын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше рет дипломдарымен және грамоталарымен марапатталған.

2010 жылы «Надежды Европы» халықаралық фестиваль қозғалысының «Надежда» құрмет белгісімен марапатталды.

2015 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қоюымен ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы медалімен марапатталды.

И.Ю.Вазем үнемі қатысады және қаланың, сондай-ақ облыстық және республикалық ауқымдағы режиссерлік-қойылымдық топтардың мүшесі болып табылады.

Ирина Юрьевна үнемі жаңа формаларды, балалармен және ата-аналармен жұмыс істеуге шығармашылық көзқарасты іздейді, талантты, сауатты ұстаз бола отырып, қазіргі педагогиканың ең жақсы дәстүрлерінде жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

Iс-шаралар

Меню