М. Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының үлгілі «Шолпан» би ансамбліне

  Шолпан би ансамбліне 27 жыл. Құрамында 12 адамнан тұратын кішкентай үйірме осы жылдары Қарағанды облысының үлкен ансамбліне айналып, Қазақстаннан тыс жерде танымал. 400 ден астам 5-23 жас аралығындағы  балалар қазақ халқының мәдениеті мен биін үйренеді. Сонымен қатар басқа да: классикалық, эстрадалық, заманауй хореографиялық бағыттарда  өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады. Ансамбль  №39 қазақ  гимназиясы  қабырғаларында қазақ би мәдениетін толық жетілдіру және насихаттау мақсатымен құрылған.

Жоғарғы жетістіктері, жаңашылдықтарды үздіксіз іздеу,  жоғары дәрежеде  орындаушылық және сахналық шеберліктері үшін  1998 жылдың  Мәдениет Министрлігінің қолдауымен коллектив «Үлгілі» деген атаққа ие болды.

«Шолпан»- 44 Гран-При және 57 облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар және фестивальдар: Испания (Майорка 2006 ж., Ллорет-де-Мар,2012ж.), Оңтүстік Корея (Сеул, 2005ж., Андон,2018ж.), Франция (Париж, Портбаил, 2008ж.), Түркия (Стамбул, 2005ж., Измир, 2000ж., Анталья, 2019ж.), Болгария (Обзор, 2001ж), Латвия( Юрмала, 2003ж.),Молдавия (Кишинеу,2007ж.), Италия (Римини,2010ж.), Өзбекістан (Ташкент,2011ж.), Ресей (Москва,2012ж., Самара,2017ж.), Беларусь ( Гомель, 2013ж.), Солтүстік Осетия-Алания    ( Владикавказ, 2014ж.),  Малайзия ( Сабах, 2014ж.), Кыргыз Республика (Чолпон-Ата, 2016ж.), Грузия (Тбилиси, 2018ж.), Польша (Вроцлав,2019г.).   сыйлықтар иегерлері.  2007 жылы ансамбль Қарағанды облысын Украинада Мәдениет Күнінде (Днепропетровск, Днепродзержинск), ал 2009 жылы – Әзірбайжанда(Баку)  Жастар Күніне лайықты дәрежеде өнер көрсетті. 2009 жылы ансамбль 2-өспелі категорияда да V Ұлттық Дельфий ойынында алтын медаль иегері болды. «Айгөлек» республикалық телевизиялық балалар конкурсында 3Гран-при  және «Шабыт» халықаралық творчестволық жастар конкурсында 1-ші орын алып женімпаз атанды.

Қаламыздың және облысымыздың бірде-бір әлеуметтік мәдени шарасы «Шолпан» би ансамблінсіз өткізілмейді. Ансамбльдің көркем басқарушысы және балетмейстері ҚР білім беру саласының құрметті  қызметкері – Омарова Гүлнар Меңдібайқызы.

Омарова Г.М .- «Қазақстан Республикасының білім саласының  құрметті қызметкері» белгісінің иегері, көптеген наградалар мен алғыстар иесі. Олар:  ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР мәдениет министрлігінің кұрмет грамоталары,  қалалық және облыстық әкімшілік кұрмет грамоталары, «Ерен еңгебі үшін», «Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Ы. Алтынсарин» медальдарының, «Ең үздік  хореограф» және «Қосымша білім беру мекемесінің ең уздік педагогы» атты облыс әкімі сыйлықтары, Астана қаласының «Білімнің  алтын қоры» Құрмет кітабына енгізілді. Директор:  А.Жалелов

Омарова Гүлнар Мендібаевна – Қазақстан Республикасының білім саласының  құрметті қызметкері үлгілі «Шолпан» би ансамблінің  жетекшісі

 Гүлнар Мендібаевна дарынды, өз жұмысын жетік білетін педагог, жетекшілік дарыны бар, дизайнер-модельер, би қоюшы өнер қабілеттілігі және балаларға деген шексіз махаббаты бар. Би арқылы балалардың Отанға деген махаббатын тәрбиелейді және сұлулыққа ұмтылдырады. Ансамбль репертуарында әр түрлі халық билері және заманауй билер қойылады.

Гүлнар Мендібаевна әрдайым репертуарды жаңартуға ұмтылады. Оның қойылымдары жаңалықпен, түпнұсқалықпен  ерекше көзге түсіп, балалардың жас ерекшеліктеріне талапқа сай болып қойылады. Оның жұмысы Халықаралық балалар шығармашылық «Бозторғай» атты конкурсында (Алматы 2008)  әділқазылардың арнайы сыйлығына ие болды.

Гүлнар Мендібаевна мейірімді, ықыласты әріптес, өнегелі ана, облыстағы би өнерінің майталман  маманы, әріптестер мен ата-аналар ұжым арасындағы беделі жоғары жетекші. Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі болып, үлкен қоғамдық жұмыс атқарады. 2007 жылы Астана қаласының «Білімнің алтын қоры» кітабына Рахимовтар отбасының педагогикалық әулет өкілі болып енгізілді.                                                                       Омарова Г.М .- «Қазақстан Республикасының білім саласының  құрметті қызметкері» белгісінің иегері, көптеген наградалар мен алғыстар иесі. Олар:  ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР мәдениет министрлігінің кұрмет грамоталары,  қалалық және облыстық әкімшілік кұрмет грамоталары, «Ерен еңгебі үшін», «Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Ы. Алтынсарин» медальдарының, «Ең үздік  хореограф» және «Қосымша білім беру мекемесінің ең уздік педагогы» атты облыс әкімі сыйлықтары.

Iс-шаралар

Меню