Образцовый хореографический ансамбль «Куаныш» (kk translation)

«Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі

Хореографический ансамбль «Куаныш» создан в 1994 году при областном научно методическом центре досуга и народного творчества с целью развития, совершенствования и пропаганды  казахского танцевального искусства. На сегодняшний день «Куаныш» является одним из многочисленных хореографических коллективов,  в нем занимаются свыше 70 детей. В 1998 году за высокие достижения ансамбль «Куаныш» был удостоен почетного звания «Образцовый». Ансамбль –лауреат областных, республиканских, международных конкурсов и фестивалей.

«Қуаныш» хореографиялық ансамблі 1994 жылы облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан қазақ би өнерін дамыту, жетілдіру және насихаттау мақсатында құрылды. Бүгінгі таңда «Қуаныш» көптеген хореографиялық ұжымдардың бірі болып табылады, ұжымда 70-тен астам бала айналысады. «Қуаныш» ансамблі жоғары жетістіктері үшін 1998 жылы «Үлгілі» құрметті атағына ие болды. Ансамбль – облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты.

Ансамблдін жеткен жетістіктері мен өнер көрсеткен өңірлері:

  • Париж(Франция), жас таланттар фестивалі;
  • Қырғызстан, «Жас таланттар»Халықаралық фестивалі»;
  • Алматы,«Әнші балапан» Халықаралық байқауы (Бас жүлде);
  • Алматы, «Бозторғай»Халықаралық балалар байқауы (Бас жүлде);
  • Түркия, «Фонгед»Халықаралық балалар фестивалі;
  • Қарағанды, «Напевы Сара-арки»облыстық халық шығармашылығы фестивалі;
  • Тува, I Халықаралық «Мәскеу –Қызыл транзит»фестиваль-байқауы (I жүлделі орын);
  • Красноярск, «Лица бущего XXI»жастар қоғамдық жобасы;
  • Астана, «Балбөбек»балалар шығармашылығының II Республикалық байқауы;
  • Қарағанды, «Сарыарқаның Жұлдызды кемпірқосағы»облыстық би фестивалі (II жүлделі орын);
  • Могилев (Беларусь), «Золотая пчелка»Халықаралық балалар байқауы (Бас жүлде);
  • Павлодар, «Ертіс толқыны»балалар шығармашылығының байқауы (I жүлделі орын);
  • Астана, Халықаралық шығармашыл жастардың «Шабыт»фестивалі (дипломанттар);
  • Башқұртстан, Уфа қ. «Баик»халықаралық фестивалі;
  • Түркия, Анкара қ., Кемер қ. «Фомгет»халықаралық би фестивалі;
  • Астана, «Аймактар аламаны» телевизиялық байқауы (дипломанттар) ;
  • Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар»жастар сыйлығы;
  • Ақтөбе, Нұрсұлу Тапаловаатындағы «Назерке» II Республикалық байқауы («Үздік хореограф» наминациясы, II,III дәрежелі диплом);
  • Қостанай, «Наз қоңыр»Республикалық би фестивалі («Үздік ұжым» наминациясы);
  • Қарағанды қ. «Дельфийские игры»облыстық байқауы (бірінші орын).

Ұжым үнемі шығармашылық ізденісте және қатысушылардың орындаушылық шеберлігін әрдайым жетілдіреді. Ұжымның репертуарында 50-ден астам хореографиялық қойылым бар. Олардың ішінде қазақ би мектебінің ең танымал жасаушыларының бірі –талантты артис, балетмейстер, педагог, Қазақстанның хореографиялық өнерінің көрнекті қайраткері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Деляфруз Бакиевна Киякова мен Минтай Женельевич Тлеубаевтың, Балетмейстер, қазір Тыва Республикасының Мәдениет және туризм министрі Вячеслав Донгактың, сондай – ақ, ұжымның негізін қалаушы-Қорлан Асылбекқызы Мұқатованың қойылымдары бар.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Тойболдина Айман Нұрланқызы

 

Iс-шаралар

Меню