«Импульс» эстрадалық үлгілі хореографиялық би ансамблі – 1984 жылы би үйірмесі болып Весовая кентінде құрылған. 2000 жылы үлгі хореграфиялық ансамблі атағын қорғады. Ансамбль құрамында әр түрлі жас ерекшелігіндегі 72 қыз бала қатысады. Ансамблі репертуары халықтық, эстрадалық би, әр жанырдағы билер билейді. «Импульс» би тобы қалалық іс – шараларға ат салысуда, және қалалық, обылыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
«Импульс» үлгілі би ұжымы мәдени ісшараларға белсене қатысуымен қатар көптеген би ұжымдары байқаулырына қатысуда. 2012 жылы Қарағанды қаласында өткен «Жаңа есімдер» байқауының номинанты атанды. Сонымен қатар қаламызда жоғары деңгейде өткізілетін іс шаралардың хореографиялық қоюшысы. Қазақмыс корпорациясы жұмыскерлерінің ХІІІ спартакиадасының хореографы, қойылым қоюшысы. Сәтбаев қаласы күніне, Кеншілер күніне, Металлургтер мен байытушылар күніне, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шаралардың белсенді қатысушысы және ұйымдастырушыларының бірі. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғандығына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан.
Жетекшісі: Суркова Татьяна Ивановна 1964 жылғы
1 мамыр күні Целиноград облысында туған.
1981 жылы Целиноградтағы орта мектепті бітірген соң байланыс колледжіне түсіп, оны қызыл дипломмен тәмамдаған. Колледжде оқыған жылдары Тың көтерушілер сарайының би үйірмесіне белсенді қатысып, ансамбль солисті болған.
1985 жылы Жезқазған мәдени-ағарту училищесінің халық биі бөлімін бітірген соң теміржолшылар клубына жұмысқа қабылданған.
2010 жылдың қазан айынан бастап Қазақмыс Корпорациясының «Жастар» спорт сарайында спорттық би нұсқаушысы болып жұмыс істейді.
2013 жылы Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Жыл хореографы» номинациясын иеленді.
Суркова Татьяна Ивановна жан-жақты тұлға, өз ісінің маманы, алға қойылған мақсатқа жету жолында аянбай жұмыс істейді. Өз тәрбиеленушілерін биге үйретіп қана қоймай, олардың жан-жақты тұлға ретінде дамуына үлес қосып келеді.
Қалалық іс-шараларға белсенді қатысады, дайындаған билері көрермен көзайымына айналған. Өз ісіне жауапты маман. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.