Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблі

«Антрэ» эстрадалық би ансамблі «Әлем балалар-жасөспірімдер орталығы» МКҚК 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер мен педагогтер 2008 жылдың 22 сәуірінде «Үлгілі» атағын қорғады, сол жылы өздерінің он жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт аралығында ұжым жетекшісімен жүзден астам хореографиялық қойылымдар қойылды. «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің қойылымдары өзінің әр түрлі жанрларымен, көркемділігімен, қайталанбас әсерлігімен, тек «Антрэ» ансамбліне тиесілі қасиеттерімен ерекшеленеді. Әр бидің өзгеше, бір-біріне ұқсамайтын стилі бар. Ұжымға жыл сайын 5-18 жас аралығындағы 150 адам қатысады.

Тынымсыз еңбектің арқасында ұжым түрлі халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивалдарда, республика ішінде және жақын және алыс шет елдерде үлкен жетістіктерге жетті:

«Надежды Европы» Х Халықаралық мерейлі байқау-фестивалі – 2 дәрежелі лауреаты (Сочи қ.).

Санкт-Петербург қаласында өткен «Петербургская метелица» хореографикалық ұжымдардың У Халықаралық байқауының 3 дәрежелі лауреаты (кәсіби қазылар алқасы), 2 дәрежелі лауреаты (балалар қазылар алқасы), Кириченко Кристина «Ең үздік жеке орындаушы» номинациясының жеңімпазы.

«Әнші балапан» Республикалық фестиваль-байқауының екі дүркін бас жүлдегері (Астана қ.);

Ялта қаласында өткен ПІ халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Звездный Аю-Даг» шығармашылық фестиваль-байқауының 1 дәрежелі және екі рет 2 дәрежелі лауреаттары.

«Хоровод дружбы» балалар шығармашылығының Х Халықаралық конкурсының І дәрежелі лауреаты және ансамбльдің бишісі Кириченко Кристина «Байқаудың ең үздік жеке орындаушысы» номинациясында арнайы сыйға ие болды.

Алматы қаласында өткен «Ақ көгершін» хореографиялық ұжымдардың Республикалық фестиваль-байқауында И.С.Ложкина «Фестиваль- байқаудың ең үздік хореографы» номинациясында жеңіске жетті.

Түркия елінде Аланья қаласында өткен «Оапсе ОШтріа» халықаралық фестиваль- байқауында екі дүркін бірінші дәрежелі лауреаттар.

«Артек» Халықаралық балалар орталығында өткен мәдени жобалардың бірнеше мәрте қатысушылары. «Артек» ХБО 90 жылдығына арналған мерейтойлық ауысымда құрметті қатысушылары.

Әрине, ансамбльдің жетістіктерге жетуі педагогтердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі. «Антрэ» үлгілі эстрада би ансамблінің балетмейстері және жетекшісі Инна Степановна Ложкина мен педагог-репетитор Светлана Георгиевна Булавканың сабақ ұйымдастыру әдістемесі педагогикалық шеберлікті, педагогтің белсенді оқыту түрлері мен әдістерін сауатты пайдалануы педагогикалық шеберлік сапасының жоғары деңгейін көрсетеді.

Педагогтердің жаттығулары, тәрбиеленушілердің ағзасының функционалдық жағдайына және қарқындылығына қарай, демалыс пен жүктемені ара салмағын ұтымды жүргізуімен ерекшеленеді. Қимыл- қозғалыстарды орындау техникасының дұрыстығына, эмоционалдық ерік-жігер саласын дамытуға және бидің сипатын білдіру қабілетіне ерекше назар аударылады. Педагогтер сабақ барысында рефлексия дағдыларын дамытып, тәрбиеленушілерді өз жұмысына жауапкершілікпен қараудықалыптастырады. Педагогтер И.С.Ложкина және  С.Г.Булавка оқыту материалдарын талапшылдық пен қызығушылық шеберлігімен біріктіре отырып, тәрбиеленушілерден тапсырмаларды және хореографиялық оқу бағдарламасын сапалы орындалуын талап етеді.

«Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблі мәдени-бұқаралық іс-шаралардың сәнін келтіріп қана қоймай, республиканың да мәдени өміріне белсене қатысады. Ансамбілдің тәрбиеленушілері қайырымдылық қонцерттерге қатысып, түрлі облыс және қалалық, мемлекеттік жобаларға қолдау көрсетіп отырады.

Ансамбль қала тұрғындарының арасында танымал және үлкен сұранысқа ие. Ұжым қала, облыс, Республика ішінде ғана емес, елімізден тыс жерлерде де танымал. Педагогтер мен тәрбиеленушілердің шығармашылығына қазақ және орыс эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина, Нағима Есқалиева, «Ұлытау» тобы, Иосиф Кобзон,Ангелина Вовк, «Любэ» тобы, Олег Газманов, Андрей Губин, Ева Польна оң баға берген.

«Антрэ» Үлгілі эстрадалық би ансамблі хореографиялық ұжым тәрбиеленушілерінің кәсіптік бағыт-бағдарына көп көңіл бөледі.

Ансамбльдің көптеген түлектері хореография мамандығын таңдап, оқуларын Қазақстан мен жақын шет елдердің арнаулы оқу орындарында жалғастыруда.

Барлық түлектер ансамбілде өткізген жылдарды аса жылулықпен, алғыспен естеріне алады.Осы ұжымды бітірген түлектер өзінің балаларын сүйікті жетекшісінің үйрмесіне әкеледі.

Жыл сайын «Антрэ» би ансамблі балалар мен үлкендерді эстрада мен халықтық жанрдағы жаңа хореографиялық қойылымдарымен қуантып отырады.

Ұжым репертуары отандық және шетелдік үздік үлгілермен жаңартылып, көрермендердің адамгершілік -эстетикалық деңгейінің дамуына ықпал етеді.

 Инна Степановна Ложкина–  «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің жетекшісі

Ложкина Инна Степановна – өз жұмысын жақсы көретін, шығармашыл адам, дарынды басқарушы. Атқаратын жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын, хореографиялық қойылымдар мен жаттығулар әдістемесін жетік меңгерген жоғары білікті маман. Ұжымның сахналық костюмдерінің дизайнері және авторы болып табылады.

Инна Степановна хореограф-балетмейстер. ретінде Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени дәстүрі мен би өнерін терең біліп- үйренуге негізделген өзіндік ерекше репертуар қалыптастыруға талпынады.

Сабақ ұйымдастырудың тиімді үлгілерін әртүрлі әдіс, тәсілдермен ебін тауып үйлестіруі, «Антрэ» би ансамблі тәрбиеленушілерінің табиғифизикалық қасиеттерінің мақсаттық дамуына, шеберліктерінің өсуіне өз септігін тигізеді.

Жетекшінің кәсіби шеберлігі ұжымға кәсіби сапалы деңгейге шығып, Республикалық, халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік туғызады.

Ложкина Инна Степановна қала, облыс және Республиканың мәдени өміріне де белсене қатысады. Оның тәрбиеленушілері қайырымдылық концерттер беріп, әр түрлі мемлекеттік жобаларға қолдау жасайды.

Жетекші өз жұмысында балаларға кәсіптік бағыт -бағдар беруге де көп көңіл бөледі. Ансамбльдің көптеген түлектері оқуларын Қазақстан мен жақын шет елдердің арнаулы оқу орындарында жалғастыруда.

Инна Степановна әріптестер мен ата-аналар арасында сый – құрметке ие, тәрбиеленушілердің алдында беделі зор.

 

 

Iс-шаралар

Меню