Қарағанды облысының мәдени-сауық мекемелерінің қызметін талдау; есеп және есептілік; 2020 жылға арналған жұмыс бағыттары, жұмыс тәжірибесімен алмасу; теориялық және практикалық сабақтар жүргізу мақсатында 20 ақпан күні Теміртау қаласының мәдениет үйінде «ЖАҢАРҒАН ЗАМАН-ЖАҢАРҒАН МӘДЕНИЕТ» атты семинар практикум өтті. Семинар практикумге Қарағанды облысының қалалық және аудандық Мәдениет сарайлары мен үйлерінің, мәдени-сауық орталықтарының басшылары, әдіскерлері, хореографтар, дыбыс операторлары және жарық техниктері қатысты.
Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жаппай қойылым режиссері С.А.Михлинге берілді.
Станислав Абдуллаевич жиналған мәдениет қызметкерлеріне қазіргі таңдағы театрландырылған көпшілік мерекелердегі «Жаңа заман заңы» тақырыбының философиясын түсіндіріп, өзінің жұмыс тәжербиесімен бөлісті.
Семинар практикум мәдениет үйінің үш залында өз жалғасын тапты.
- Кіші залында қалалық және аудандық Мәдениет сарайлары мен үйлерінің, мәдени-сауық орталықтарының басшылары мен әдіскерлерінін жиналысы отті.
Жиналыста келесі мәселелер мен сұрақтар қарастырылды:
- Қазіргі таңдағы облыстың мәдени-демалыс мекемелерінің проблемалары мен болашағы атты тақырыпта Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы – К.С.Садвокасова;
- Клуб мекемелерінде есеп беруге қойылатын талаптар мен талдаулар тақырыбында ОМСжХШҒӘО талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы — Л.Г.Кутузова;
- Абай аудандық мәдени-демалыс орталығының тиімді жұмысының жолдары мен әдістері тақырыбында Абай ауданы мәдени-сауық орталығының басшысының орынбасары – Е.Д.Мейирбеков;
- Теміртау қаласының көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту ерекшеліктері тақырыбында Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы — З.Е.Едгина;
- Қарағанды облысының 2020 жылға арналған Мәдени демалыс жұмыстарының негізгі бағыттары атты тақырыпта ОМСжХШҒӘО басшысының орынбасары М.В.Федоренко.
- Балет залында өткен «Хореографиядағы қойылымдық және дайындық жұмысының негізгі принциптері» атты мастер-класс өткізілді.
- «Театрландырылған хореографиялық Пролог, режиссердің ойының мәнерлі құралы» атты тақырыпта Теміртау қаласының «Вдохновение» үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі — Б.Т.Кайдасынова;
- «Театрлық және бұқаралық іс-шараларда хореографиялық композицияларды қою әдістері, тәсілдері, формалары мен стильдері» тақырыбында ОМСжХШҒӘО «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі — А.Н.Тойболдина тәжербиелерімен бөлісті.
- Көрермендер залында «Мәдени-бос уақыт іс-шараларын ұйымдастыруда дыбыс операторы мен сахна жарық берушінің рөлі» атты семинары өтті.
- Дыбыс операторы мен сахнаны жарық берушінің жұмысының негізгі міндеттері, олардың режиссермен өзара әрекеттесуі тақырыбында ОМСжХШҒӘО мәдени-сауық жұмысы бөлімінің басшысы — А.К.Нурманбаева;
- Сахналық жарық мәдени-сауық іс-шараларының көркемдік мәнерлілігінің құралы ретінде тақырыпта Академиялық музыкалық комедия театрының электр жарық беру цехының меңгерушісі — В.И.Терентьева;
- Дыбыс режиссері және мәдениет мекемелерін заманауи бағытта техникалық жабдықтау негізінде Кеншілер мәдениет сарайының дыбыс технигі — Д.Дюсембаев бағыт бағдар көрсетті.
Семинар-практикумда Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналып Қарағанды облысының барлық мәдениет қызметкерлерінің атынан челледж жолданды.
Барлық қатысушыларға
- Облыстық фестивальдер мен конкурстар ережелерінің жинағы;
- «Мәдени-сауық орталығы шабыт пен шеберліктің және шығармашылықтың сарқылмас көзі» буклеті;
- Мағауия Хамзиннің шығармашылығына арналған «Күмбір-күмбір күй төккен, күйден күмбез тұрғызған» атты шерпе күй ноталар жинағы;
- 2020 жылғы мерейтойлық күндерге арналған, фонограммалар жазылған CD дисктер, ақпараттық жинақтар таратылды.