Облыстық «Бұқарекең жырлайды» жыршылар байқауы

Жылда Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысы өтеді.

Сайыстың мақсаты: Тарихи құндылықтарымызды, жыршы-жыраушы дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Халықтың рухани, мәденимұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңіру.

Сайыс төрт номинациядан тұрады:

  • Бұқаржырауша– бұл сайысқа түскен ақындар өзт ындыларын жырлаулар поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның үлкен мәселелерін өз толғауларында аша білу керек;
  • Бұқаржырау оқулары—  Бұқар Жыраудың шығармашылығын яғни жыр-толғауларын мәнерлеп оқу;
  • Жыршы-жырауларсайысы – Бұқар Жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта мақамға салып орындау;
  • Әлемдітүгел білсе де—  өзге ұлт өкілдері Бұқар Жыраудың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өзтілінде жатқа, мәнерлеп оқу.

Әділ-қазылар құрамында белгілі айтыскерлер, журналисттер, ақындар төрелік етеді.

Сайысқа Қарағанды қаласының оқу орындарының студенттері, кіттапхана қызметкерлері және облыс аймағындағы барлық аудан-ауылдардыңң ақындары қатысады.

Әр номинация бойынша қазылар жүлдегерлерді жеке-жеке анықтайды.Барлық қатысушыларға әр номинация бойынша I,II,III орын дипломдары, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.

Биылғы жылы «Бұқарекең жырлайды» атты облыстық ақын-жыршылар сайысын Доскей Әлімбаевтың 170 жылдығына арналды. Мүшайраға Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларының және Абай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Ақтоғай, Сұрыптау, Бұқар Жырау, Шет, Осакаров аудандарының өнерпаздары қатысты.

Әділқазылар әр номинация бойынша жүлдегерлерді жеке-жеке анықтады:

«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:

I орын – Ташимбекова Жанерке (Керней ЖОББ тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ).

II орын –Мәдинеш Маралжан (Ботақара кенті «Руханият» ҚББО-ның Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы).

II орын – Жанайдарова Амина (Қарағанды қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы).

II орын – Иманбаева Инабат (Керней ауылы «Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы жыршы-жыраулар» сыныбы).

III орын –  Сапарбек Гүлім (Жезді кенті аралас мектеп-интернаты).

III орын –  Айтбаева Маржангүл (Керней ЖОББ тірек мектебі).

III орын –  Әділ Әбдірахман (Үштөбе ауылы жыршы-жыраулар сыныбы).

III орын –  Мейрам Фатих-Сұлтан (Шет ауданы С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебі).

«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша:

I орын – Абзал Мақаш (ЕҰУ – нің 1 – курс студенті).

II орын – Алдаберген Айсулу (Жаңаарқа ауданы).

II орын – Совет Төрехан (Осакаровка өнер мектебі).

III орын –  Мұқтар Толғанай (Ақтоғай ауданы «Өнер мектебі»КМҚК).

III орын –  Бек Ноғайбайұлы (Қарағанды қаласы).

III орын –  Сырым Нығызбай (Жаңаарқа ауданы).

«Жыршы-жыраулар» номинациясы бойынша:

I орын – Ботпай Доскей (Қарағанды Политехникалық университеті).

II орын – Тілеубек Жанарыс (Теміртау қаласы).

II орын – Аленина Виктория (Ботақара кенті «Руханият» ҚББО-ның Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы).

III орын – Мейрамов Арман (Ботақара кенті «Руханият» ҚББО-ның Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы).

III орын – Қамиев Ұланғасыр (Шет ауданы Талды ауылы).

III орын – Қазыл Ұлан (Үштөбе ауылы жыршы-жыраулар сыныбы).

«Әлемдi түгел бiлсе де» номинациясы бойынша:

I орын – Гамм Вадим (Новоузенка ЖББОМ).

II орын – Митковская Анастасия (Жезді кенті аралас мектеп-интернаты).

III орын – Сафаров Мухаммед («Ахыска» түрік орталығы).

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню