«Спадчына» Беларусь мәдениетінің облыстық қоры»

Хука Александр Александрович – «Спадчына» Беларусь мәдениеті облыстық қорының директоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

«Спадчына» Беларусь мәдениеті қоры 2002 жылдың қаңтарында құрылды. «Спадчын» орталығының құрылуы Облыстың белорустарын шоғырландыруға, Белорус мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік берді. «Спадчына» Беларусь мәдениеті қоры қоғам мен мемлекеттегі рухани келісімді нығайтуға үлкен үлес қосады, әртүрлі «дөңгелек үстелдер», конференциялар, балалар мен ересектер шығармашылығының фестивальдері, лингвистикалық лагерлер, үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда белсенді қатысушылардың бірі болып табылады.

Беларусь мәдениеті қорында Беларусь тіліндегі кітапхана жинақталған. Қор Беларуссиядан үнемі көркем және мерзімді әдебиеттерді алады. Облыс мектептерінің түлектерін Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарына жіберу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Беларусь қоғамының шығармашылық ұжымы республикалық, халықаралық халық шығармашылығы фестивальдерінің белсенді қатысушысы болып табылады. Беларусь облыстық этникалық тобы тарихи Отанымен экономикалық, ғылыми және қоғамдық-саяси байланыстарды жүзеге асыруға белсенді қатысады.

Iс-шаралар

Меню