Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі ХХ ғасырдың 40-жылдарында құрылды. Алдымен бұл Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнының ғимаратындағы қызыл бұрыш болды. Бірте-бірте қызыл бұрыш «Қазақ зағиптар қоғамының Қарағанды облыстық бөлімінің қалалық клубы» деп аталатын дербес мекемеге айналды. Клубта мәдени – ағартушылық іс-шаралардан басқа, көркем өнерпаздар үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыратын мамандардың шағын құрам болды. Зағиптар мен нашар көретіндер драмалық, би, аспаптық, вокалдық шығармашылықпен айналысты. Сондай-ақ, клубта саясатты зерттеу бойынша үйірме мен әдеби үйірме жұмыс істеді. 1978 жылы клуб мәдениет үйі мәртебесін алды.
Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйінің аудиториясын көру қабілеті нашар адамдар құрайды. Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары мүгедектерді әлеуметтік оңалту.
Бүгінгі таңда мәдениет үйінде 12 клубтық құрылым жұмыс істейді, қатысушылар саны 175 адам.