2022 жылдың қазан айының 14-ші жұлдызында Достық үйінде Қоғам қайраткері, халық ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы өтті.
Байқаудың мақсаты: тарихи құндылықтарды насихаттау және поэтикалық дәстүрлерді жаңғырту, ұрпақты ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу.
2022 жылы байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, Бұқар жырау ауданының әкімшілігі «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-жыраулар мектебі болды.
Байқау төрт номинация бойынша өтті:
Бұқар жырауша – бұл сайысқа түскен ақындар өз туындыларын жырлау поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның үлкен мәселелерін өз толғауында баяндайды;
Бұқар жырау оқулары – Бұқар жыраудың шығармашылығын яғни жыр-толғауларын мәнерлеп оқиды;
Жыршы-жыраулар сайысы – Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта мақамға салып орындайды;
Әлемді түгел білсе де – өзге ұлт өкілдері Бұқар жыраудың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өз тілінде жатқа, мәнерлеп оқиды.
Байқау үміткерлері Ақтоғай, Бұқар Жырау, Шет, Жаңаарқа аудандарынан, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларынан қатысты және Қырғыз Республикасынан арнайы қонақтар Мамбеттокто Мамбеторзаұлы, Чыңғысхан Карыбекұлы келдi.
Қазылар алқасының құрамында:
- ҚР еңбек сіңірген қайраткері,әнші, жыршы, қазылар алқасының төрайымы Айгүл Шоданқызы Қосанова (Алматы қ.);
- Актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалұлы Кемалов;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы Мүгілсім Ғұбайдұллақызы Шибаева;
- Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Саржан УахитұлыТакиров;
- Жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дидар Жанатұлы Қами төрелiк еттi.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:
- 1 орын – Арай Райымбекова (Бұқар жырау ауданы);
- 2 орын – Қанат Ақерке, Мәлiк Тiлек (Бұқар жырау ауданы);
- 3 орын – Нұртай Жарылғапов (Жаңаарқа ауданы), Мейрам Фатих Султан, Сия Айбота (Қарағанды қаласы), Асанова Адель (Бұқар жырау ауданы);
- Арнайы жүлде – Саят Сезiм, Зекең Абылай (Қарағанды қаласы).
«Жыршы-жырау» номинациясы бойынша:
- 1 орын – Тiлеубек Жанарыс (Алматы қаласы);
- 2 орын – Ботпай Нұрәлi, Виктория Аленина (Бұқар жырау ауданы), Тiлеубек Бердiбек (Қарағанды қаласы);
- 3 орын – Расул Ербол (Бұқар жырау ауданы), Ерасыл Игiлiк, Мәди Жақып (Қарағанды қаласы);
- Арнайы жүлде – Нұралы Жанкелдi (Қарағанды қаласы), Тiлеухан Есiмхан (Шет ауданы).
«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша:
- 1 орын – Нұртай Ерсұлтан (Қарағанды қаласы);
- 2 орын – Мақсат Жарылғасынов (Қарағанды қаласы);
- 3 орын – Өркен Құдайберген (Бұқар жырау ауданы).
«Әлемдi түгел бiлсе де» номинациясы бойынша:
- 1 орын – Станислав Иванов (Абай ауданы);
- 2 орын – Мария Григориади (Теміртау қ);
- 3 орын – Алаң Сюй (Бұқаржырау ауданы); Анастасия Финонченко және Зинаида Асадчия (Қарағанды қ.).
Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етiлдi.