«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киіз басу бойынша «Гүлденген Қазақстан» атты мастер-классы жайлы

2021 жылдың қазан айының 22-сі Кеншілер мәдениет сарайының кәде залында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қарағанды облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, қазақ өнерінің өзіндік ерекшелігін сақтау, насихаттау және дамыту мақсатында киіз басу бойынша «Гүлденген Қазақстан» атты мастер-класс өткізілді.

Мастер класста облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының басшысының орынбасары Рахметова Гулнар Жакешовна сөз сөйледі.

Мастер-классты суретші-дизайнер, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының және Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының мүшесі Шульц Евгения Шарафутдиновна жүргізді.

Қарағанды облыстық Қазақ халық Ассамблеясының «Сарыарқаның інжу мұрасы» фильмінің көрсетілді.

Шеберлік сабағына Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау, Қарқаралы, Шет Осокаров, Нұра аудандарының, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларының, Жәйрем кентінің, Н.А.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызығушылығы бар мамандары қатысты.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Iс-шаралар

Меню