Нұра аудандық мәдениет үйі

Мәдени-сауық орталығының жетекшісі – Жунусбеков Қуаныш Өміржанұлына

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұра кентінің мәдениет үйі өткен ғасырдың 50-і жылдары  бір қабатты ғимаратта орналастырылып, өз жұмысын бастады. 1952 жылғы 28 қаңтардағы Аудандық атқару комитетінің №10 шешімімен Нұра аудандық жұмысшы депутаттар кеңесі атқару комитетінің мәдени-ағарту жұмысы бөлімі құрылды. Осы бөлімнің қарамағына аудандағы барлық кітапханалар, мәдениет үйлері, клубтар берілді. Ал, 1952 жылға дейін барлық мәдени ағарту мекемелер: клубтар, кітапханалар, киноқұрылғылар, оқу-үйшіктері аудандық білім – ағарту бөліміне қарасты болды.

1968 жылы жаңа типтік мәдениет үйінің  құрылысы басталды. 1970 жылы ғимарат жұмыс істеуге тапсырылды.

Нұра кентіндегі аудандық мәдениет үйі аудан бойынша 22 саласы бар, әдістемелік орталық болып табылады. «Нұра ауданының мәдениет үйі» Нұра ауданының әкімдігі және бюджеттен қаржыландырылады. Аудан бойынша штат саны – 166,75 бірлік, қызметкерлер саны – 183 адам.

Аудан бойынша 1285 адам қатысушы бар, 106 клубтық құрылым жұмыс істейді. Оның ішінде екі «халықтық» атағы бар Шахтер ауылының «Үрмелі аспаптар оркестрі» мен Нұра кентінің «Ұлт аспаптар» оркестрі.

Ауданда дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» атты этномәдени орталықтардың қатысуымен фестиваль өткізіледі. Фестиваль аясында тұрғындардардың назарына әр этнос өкілдерінің көркемөнерпаздары өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарын ұсынады.

Жыл сайын аудандық «Пай-пай қазақтың келіндері – ай!» атты конкурс өткізу де дәстүрге айналды.

 

 

 

 

 

 


Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында 2010 жылдан бастап ауыспалы кубогы бар білекті, білімді, «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты жігіттердің байқауы яғни «Жігіт сұлтаны» өткізіледі.

 

 

 

 

 

Екінші жыл қатарынан «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланы жеті қыры» бағдарламалары аясында Нұра ауданында қазақтың аңшы иттерінің көрмесі өткізіледі. Аталмыш шара тұрғындар арасында үлкен қызығушылық туғызып, аңшылық өнерінің дамуына зор үлесін қосуда.

Сәуір айында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне орай жастар арасында байқау өткізіледі. Бұл сайыстың ерекшелігі жеңімпаздарды көрермендер анықтайды. Биылғы жылы сайыс онлайн режимде өткізілді. Бір жұптың өзіне дауыс берушілер 1600 адамнан асып кетті.

Iс-шаралар

Меню