Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне арналған Жаңа жылдық театрландырылған – концерттік бағдарлама

2016 жылдың 29 желтоқсанында № 1 медециналық-әлеуметтік ұйымында «Жаңа жылдың әуені» атты жаңа жылдық театрландырылған – концерттік бағдарламасы болып өтті.

Концерттік бағдарламаға жас көркемөнерпаздар артистері қатысты. Сонымен қатар ардагаерлерді жаңа жылдық кейіпкерлер Аяз ата мен Ақшақар келіп құттықтап, көңілді мыстан кемпірде қалыс қалған жоқ. Сүйікті әндерді: «Ой, мороз», «Қош келдің жаңа жыл», «Метелица», «Следы» және тиағы басқа әндерді барлығы қосылып шырқады. Концерттік бағдарламаға №1 МӘҰ-ның тұрғыны Надежда Вилей, осы ұйымның қызметкерлерінің балаларыда өз өнерлерін дәйім жұртқа паш етті.

Дәстүр бойынша ардагерлер мен №1 МӘҰ-ның қызметкерлері шыршаның шамындарын жағып, шеңберде «В лесу родилась елочка» әнін айтты, түрлі ойындар жүргізілді, тәтті сыйлар таратылды. Ойын түрінде тағы 2 Аяз аталар – Көк және Қызыл мұрын болып таңдалды. Жеңімпаз Аяз ата сиқыр көрсетіп, өзінің ерекшелігімен көрінді. Бағдарламаның соңында Аяз ата мен Ақшар барлығымен ескерткішке фото суретке түсті. МӘҰ-ға әрдайым барған сайын көрермендер мен қоса бағдарламаның қатысушыларда жақсы көңіл-күймен тарқасады. Күлімдеген қарттардың көзін көргенде бақыттың бір ұшқынын сезініп, осындай бағдарламалар ардайым керек етеді.

Iс-шаралар

Меню