Наурыз 2013

2013 жылдың 22 наурызында Қарағанды қаласының Тәуелсіздік алаңында «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама өтті.

Көктемнің ояну сәті музыкалық-театрландырылған көрініспен басталған мерекелік концерт  қазақ эстрада жұлдыздары Алтынай Жорабаева, «Дос мұқасан», «Мюзикола», «Ринго» жастар тобының қала халқына ән шашуымен ұласты.
Қарағанды облысының әкімі Б.Әбдішев жиналған барша қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, өзінің игі тілектерін жеткізді.

Аталған шараның негізгі бөлігі ұлттық ән-күй мен биге толы мерекелік концерттен тұрды. Көктем мен жаңару белгісі ретінде гүлдермен сәнделген сахнада Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері, «Алтын батыр», «Нұрби», «Волшебная страна», «Улыбка», «Эдельвейс», «Джеронимо», «Қуаныш», «Аққу», «Шаттық» би ансамбльдері, Қарағанды қаласының оқу орындарының студенттері және жергілікті әнші Марат Бекишев жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетті.
Бағдарламада қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер ұсынылды (шашу, аластау, бата).

Iс-шаралар

Меню