«Шалқар» халықтық театры

1975 жылы «Шалқар» театры құрылып

1979 жылы «Халық театры» атағын алды.

1979 жылы облыстық байқаудың жүлдегері болып қана қоймай Шымкент қаласында өткен республикалық байқауда бас жүлдені  жеңіп алды.  «Шалқар» – халық театры 2000-жылдан бастап облыстық байқаудың  екі дүркін лауреаты атанып бас бәйгелерді жеңіп алды.

2003 жылы «Шалқар» – халық театры облыстық халық театрлары байқауына қатысқан 28 халықтық ұжымдар арасында бас жүлде LG телевизорымен бейнемагнитофонды иеленді.

Республика бойынша тұңғыш құрылған жалғыз адамдық «Ұят-ай» – сатира театры өзінің құрамын ұлғайтып «Шалқар» – халық театры жанынан қайта құрылды.  Бұл «Ұят-ай» – сатира театры кейінгі үш жылдың ішінде облыстық байқауда үш рет жүлделі 1,2 орындарды жеңіп алды.

2004 жылы жүлделі бірінші орынды иеленіп республикалық «Тазша бала» –  байқауында «Ұят-ай» – мүшелері лауреат, дипломант және «Судыр Ахмет» – атындағы республикалық жүлдені иеленді.

«Шалқар» – халық театры бұл қол жеткен табыстары мен шектеліп қалмақ емес. Келешекте ел Президентінің стратегиясы мен саясатын басшылыққа  ала отырып жұмыс істеп Ақтоғай өнерінің туын жоғары көтере бермек.

Ақтоғай ауданының «Шалқар» халықтық театрының жетекшісі –      Күлімжанов Маулен Абдірашұлы

 1959 жылы 8 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, бұрынғы Шылым, қазіргі Шабанбай би ауылында дүниеге келген.

2006-2017 жылдар аралығында «Шалқар» халық театрында суретші-декоратор болып жұмыс атқарды. 2016 жылдың наурыз айында аудандық маслихаттың депутаты болып сайланды. Ал 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Шалқар» халық театрының режиссеры болып қызмет атқарып келеді.

Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню