Серік Ысқақов атындағы халық театры

Жаңаарқа жерінде 1950 жылдарынан бастап өнерлі жандардан құрылған драма үйірмесі жұмыс істей бастады. Драма үйірмесін ұйымдастырушылардың бірі Аманжол Үсеновтің режиссерлығымен  1963 жылы қойылған «Қыз Жібек» спектаклімен «Халық театры» атағын иеленді.

Халық театрына ерен еңбегі сіңген режиссерлардың бірі -Серік Ысқақов. 2010 жылы халық театрына осы кісінін аты берілді.

Серік Ысқақов театрдың режиссері болып 1965-1970жж жұмыс істеді, көп еңбек сіңірген ардагерлеріміздің бірі. Халық театрын қолына алып жандандырып, кейінгі буынға дәріс берген еді.

Қойған қойылымдары атап айтсақ: 1970ж С.Жүнісовтың «Ажар мен Ажал» спектаклі республикалық байқауға ұсынып, лауреат атағын алды;

1978ж театрдың тұрақты режиссері болып Мәруаш Еленбаева тағайындалды. М.Еленбаева халық театрын бірге құрып, 40 жылдан астам мәдениет саласында қызмет атқарып, тіпті өмірінің соңына дейін режиссерлік қызметін атқарып кетті.

1983 жылы театрға Мәскеудегі Шепкин атындағы театр студиясының түлегі А.Сыздықов режиссер болып «Әпке», «Ана жүрегі»,

«Әке тағдыры»спектаклдерін қойды.

1989  жылы Т.Нұрмағамбетовтың  «Табалдырығына табын» спектаклін республикалық байқауда қойып лауреат атанды.

Шақыртумен келген белгілі режиссер Ж.Хаджиев 1991 жылы халық театрымен жұмыс жасап Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклін ауданымызға тарту етті. Сол жылы осы спектаклмен Ресейдің Курск қаласында өткен бүкілодақтық әуесқой  театрлардың байқауда зор  табысқа ие болып І орыниеленіп лауреат атанды.

2007 жылдан бастап халық театрының жетекшісі болып Маруаш Еленбаеваның шәкірті Бейсенбай Оспанов  тағайындалды. Осы аралықта Б. Оспанов бірнеше спектакльдерді сахналап қойды. Атап айтсақ: Е.Төлеутай «Жеңгетай», А.Салықов «Сәкеннің аманаты», Б.Рамазан «Шырмауық», Ғазиз Ештанаев «Менің Сәкенім», Кеңес Жұмабеков «Заманың неткен тар еді…» режиссер Бейсенбай Оспанов Облыс әкімінің «Жылдың үздік театр режиссері» номинациясы бойынша  марапатталды. Сондай-ақ  Жаңаарқа  ауданы С.Ысқақов атындағы халық театрын Е.Төлеутайдың 2 – актылы «Жеңгетай» комедиясымен Қарағанды облысының атынан Атырау өңіріндегі 26-29 сәуір күндері өтетін Республикалық Халық театрлары фестиваліне  қатысып, «Үздік әйел ролі» номинациясымен марапатталып, ақшалай сыйлық иеленді. Ғазиз Ештанаевтың  «Менің Сәкенім» трагедиясынан  көрініс.

Серік Ысқақов  атындағы халық театрының жетекшісі – Бейсенбай Оспанов

1972 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2008-2012 ж.ж  Қазақстан жаратылыстану-гуманитарлы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген.

2000 жылдан бастап  түрлі спектакльдерде ойнаған. 2010 жылы режиссер Бейсенбай Оспанов Облыс әкімінің «Жылдың үздік театр режиссері» номинациясы бойынша  марапатталды. Сондай-ақ  Жаңаарқа  ауданы С.Ысқақов атындағы халық театрын Е.Төлеутайдың 2 – актылы «Жеңгетай» комедиясымен Қарағанды облысының атынан Атырау өңіріндегі 26-29 сәуір күндері өтетін Республикалық Халық театрлары фестиваліне  қатысып, «Үздік әйел ролі» номинациясымен марапатталып, ақшалай сыйлық иеленді.

Iс-шаралар

Меню