Мақат Рымжанов атындағы «Абыз» халық театры

Бақты совхозындағы Абыз бөлімшесінде 1960 жылдардың басында көркемөнерпаздар үйірмелері құрылды.

1965 жылы аудандық драма үйірмелері байқауында музыкалық-драмалық композиция дайындап ұсынған коллектив бәйгі алды. Сол үшін Қарқаралы халық театрының филиалы атағына ие болды. 1973 жылы әуесқой театр коллективтерінің республикалық байқауында Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесінің негізінде қойған спектакльдері үшін жүлделі орын «Халық театры» атағына ие болды.

1980 жылдары Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббат», С.Жүнісов «Жаралы гүлдер», С.Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар», Ш.Айтматов «Алғашқы мұғалім» және «Қыз Жібекті» сан мәрте көрсетті.

1990-2000 жылдар театр үшін жаңа белестер болды. Ғ.Мүсірепов «Қозыкөрпеш – Баян сұлу», С.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрі астында», «Қуырдақ дайын», «Құдағи келіпті», С.Жүнісов «Ажар мен ажал», Ш.Құсайынов «Рабиға», О.Бодықов «Қанжар мен домбыра», Қ.Аманжолов «Аңқау Жүсіп», А.Шамкенов «Табамын сені», Д.Исабеков «Әпке», М.Хасенов «Сарыарқа»

2000 жылы Ә.Әбікенов «Белгісіз батыр» пьесасы

2007 жылы «Қабаған ит» атты спектаклімен «Халық театр» атағын қорғады.

2009 жылы «Азапты күндер» пьесасы Ұлы Жеңістің 64 жылдығына қойылды.

2010 жылы «Досымның үйленуі» спектаклі халықтың көңілінен шығып, алғысына бөленді. Келешекте «Абыз» халық театрының репертуарына жаңа спектакльдер қосылып, өнер сүйгіш қауымның ыстық ықыласына бөлене бермек. Өнерлі театр ұжымының шығар белесі алда.

2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арнап «Өзге емес өзім айтам өз жайымда» атты драма;

2013 жылы «Дөкей келе жатыр» спектаклі;

2014 жылы «Азапты күндер пьесасы»;

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай С.Сматаевтың «Елім-ай» романының желісі бойынша «Шырғалаң» қойылымы;

2019 жылы М.Мағауиннің «Бір уыс бидай» қойылымы;

2020 жылы Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» қойылымы дайындық үстінде.

Қазіргі уақытта Абыз халық театрының режиссері – 0,5 бірлікте Мукашева Бану Даутановна, 0,5 бірлікте Сепы Арғын. Театр ұжымы, ауыл сахнасында, көршілес аулдарға жиі концерттік бағдарламамен шығып. Өз өнерлерімен жұртшылықты тәнті етіп жүр. Абыз елді мекеніміздегі театр ұжымы жыл сайын кемелденіп, шығармашылық табыстарға жетіп келеді. Театр ұжымы өнерсүйер қауымның ықыласына ие. Театр ұжымы қазіргі таңда үлкен белестерге ие болып, ауылда күрделі пьесаларды сахналарға шығаруда. Қарағайлы мәдениет үйіне Абыз халық театры қарайды. Театр 60 жылы драма үйірме негізінде ұйымдастырылған. Қазіргі таңда жыл сайын жаңа қойылымдар қойып отырады. 2018 жылы Облыстық С.Сейфуллин атындағы театрда Софы Сматаевтың «Шырғалаң» қойылымын халыққа ұсынды.  

«Абыз» халық театрының жетекшісі – Мукашева Бану Даутановна

7 жылдан астам қызмет жасап келеді. Осы жұмыс уақытында өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өз жұмысына өте тиянақты, ұқыпты. Қойылымға дайындық кезінде әріптестерімен тез тіл табысып, толық түсініседі. Әріптестерінің ортасында сыйлы, қадірлі.

Iс-шаралар

Меню