Нұра аудандық «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрі 2003 жылы құрылып, 2006 жылы «халықтық» атағын қорғады. Оркестрдің репертурарында 40-тан астам күйлер, әндер, шетел композиторларының шығармалары бар. Аталмыш ұжым белсенді түрде концерттік және гастрольдік қызметтерін жүргізеді.
Оркестр ведет активную концертную и гастрольную деятельность:
- 2010 жылы – «Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивальға қатысты;
- 2011 жылы «Күй қайнары» облыстық конкурс жеңімпаздары;
- 2017 жылы – Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен концертке қатысты. Сонымен қатар аудандық концерттерге белсене қатысып, шығармашылық концерттерімен ауданның елді мекендеріне гастрольдік сапармен шығады.
Сасым Жолаушы Садықұлы 1955 жылы шілде айының 8-жұлдызында дүниеге келген. «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрінің жетекшісі. Білімі арнайы – орта. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесі, орта деңгейлі ,жоғары дәрежелі маман.
Жолаушы Садықұлы –1972 жылы Нұра ауданының мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып еңбек жолын бастады.
1976-2000 жылдары «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрінің жетекшісі;
2000 жылы мәдениет үйінің басшысы;
2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық мәдениет үйінде «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрінің жетекшісі болып қызмет атқарады.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық қарсаңында медалімен марапатталды.