«Диндалле» Корей халықтық ансамблі

Бүгінгі күні ансамбльдің репертуарында  корей халықтық бағытындағы 50 шақты қойылымдар бар.Бұл топтың ең биік  жетістігі  «Самульнори» корей халқының ұлттық  ұрма аспаптарында ойнау. Валентина Владимировна 13 пен 19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді  өз тобына жинап қызықтыра білді. Жетекшінің шығармашылық танымдылығы мен ізденісінің арқасында ансамбль мүшелері қалалық концерттерде, мекемелерде, мерекелік  іс-шараларда  үнемі  өнер көрсетеді.

Жақсы көрсеткіштермен облыстық, аймақтық, республикалық  және халықаралық додаларда  өнер көрсетіп , қаламыздың  абыройын қорғап , жүлделі орындарға ие болып келеді.

Жетекші ретінде әріптестерінің, ансамбль мүшелерінің, ата-аналардың алғысы мен құрметіне  ие.

Жеткен жетістіктері және қоғамдық  өмірге белсене араласқаны  үшін  бірнеше мәрте марапаттауларға ие болды. Қала әкімінің  «Көркемөнерпаздар  ұжымының үздік жетекшісі» номинациясымен , алғыс хаттар мен  грамоталармен марапатталды.  2020 жылы  Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйақысына ие болды.

«Диндалле» корей халықтық ансамблінің жетекшісі – Ким Валентина Владимировна

Ким Валентина Владимировна   «Диндалле» корей халықтық ансамбліне   18 жылдан беріс жетекшілік етеді.Осы аралықта өзін білікті,жауаптыіскер жетекші екенін көрсете білді.

Iс-шаралар

Меню